14:35, 18 Маусым 2019
Бүгінгі қоғам портреті

Герольд Бельгерге
Оңға жүрсең –
Әне бір алаяқтар
Шалып қапқұлатады.
Солға жүрсең –
Әне бірқаратаяқтар
Қақ маңдайыңнан
Салып қапсұлатады.
Жылатады!
Алға жүрсең –
Өрмекшініңторындай
Өтіріктің торына
Шырмаласың.
(Соларға қосылып
Өтірік айтпасаң
Онда сен
Бәріненқұрғаласың)
Мына қоғам
Қайтып шығаалмайтындай
Тұйыққа тірелгенбір:
Қарашы,
Жерім мен елімді
Қандаладай талап
Быртиып семірген
Біреулер жүр.
Осының бәрін
Көре-көре
Үмітің сенебастайды.
Сонан соңкөрмейін деп
Көзіңді жұмсаң
Онда сені
Өліп қалған екендеп
Көме бастайды...
Парасатты,
Байыпты сөзайтсаң
Сені жындысанайды.
Сонан соң шыдамай
Шындықты айтсаң,
Онда саған
Қатал режимдеотырған
Қылмыскергеқарағандай
Шошына қарайды.
Фото: turkystan.kz