Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:45

Бүгін Qoldau акциясы өтті

Акция
Фото: qoldau

Бүгін кезекті Qoldau акциясы өткізілді. Қандай маңызды жайттар айтылды? 

19.06.2025 жылы, сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп кәсіпкерлерге Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолдау және көмек көрсету бойынша «Qoldau» кезекті акциясын өткізді.

Qoldau
Фото: qoldau

Осы өзара іс-қимылдың арқасында бірқатар сұрақтарға 300 -ден аса салық төлеушілерге: «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» және 270 «Табыс және мүлік туралы» нысаналарды толтыру туралы жауаптар алынды, сондай-ақ «Е-Salyq Business» және «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшаларының мәселелері, ұялы телефондарға орнату алгоритмдері, пайдалану ережелері мен деректерді енгізу тәртібі қозғалды, мобильді аудармалар бойынша негізгі ережелер және кәсіпкерлерге бөлшек салықтың арнаулы салық режимі және "Бәйге" жаңа акциясы түсіндірілді.

 

 

Тегтер: