Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:52, 05 Желтоқсан 2020

Бурабайда пәтерден төрт әйелдің денесі табылды

None
None

Ақмола облысы, Бурабай кентіндегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің «Жас Алашқа» хабарлауынша,  оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болған.

«Сағат 00: 00-де Бурабай кентінің тұрғынынан Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне оның көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде кісі өлтіргені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Тергеу-жедел тобы келген кезде осы пәтерден зорлықпен өлім белгілері бар төрт әйелдің денелері табылды. », — дейді полиция.

Полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғынын анықтады. Оқиғаның мән-жайы тергелуде, Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі өндіріс жұмысы басталды.

Тегтер: