Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:10

БҰҰ комитеті Қазақстаннан шешен белсендісін Ресейге экстрадицияламауды талап етті

Мансур Мовлаев
Фото: ашық дереккөз

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шұғыл шаралар қолдану туралы шешім қабылдап, Қазақстаннан Шешенстан тумасы Мансур Мовлаевті 2026 жылғы 24 тамызда оның шағымы мәні бойынша қаралғанға дейін Ресей билігіне бермеуді талап етті.

Тиісті құжат пен ақпаратты «Единая сила» саяси ұйымының баспасөз хатшысы Фатима Сүлейманова және Воронеж облысындағы муниципалдық кеңестің экс-депутаты Нина Беляева жариялаған.

Ресей Мансур Мовлаевті халықаралық іздеу жариялаған. 2025 жылы ол Алматыда ұсталып, тергеу изоляторына қамалған. Шешенстан тумасы 2019-2020 жылдары республикадағы адам ұрлау, азаптау және қылмыстық істерді қолдан жасау туралы ақпаратты оппозициялық Telegram-арналарға жеткізді деген күдікке ілінген. Қазір ол «экстремистік қауымдастықты қаржыландыру» ісі бойынша айыпталушы ретінде көрсетілген. Ал құқық қорғаушылар оның саяси себептермен қудалануы мүмкін екенін айтады.

Маусым айында Ресей билігі оны экстрадициялау жөнінде ресми сұрау жолдаған. Мовлаев Қазақстаннан баспана сұрағанымен, 2026 жылдың басында Бас прокуратура ресейлік сұрауды қанағаттандырған. Бұл шешім түпкілікті емес, қазіргі уақытта іс Жоғарғы сотта қаралып жатыр. Осы аралықта Мансур Мовлаев қамауда отыр.