Цифрлық өсудің жаңа белестерін еңсеріп келеміз

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы біздің еліміздің постковидтік кезеңдегі дамуының негізгі міндеттерін айқындайтын тарихи құжат болып табылады десек болады.
Басымдық Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына берілген, оған тек экономикалық сауықтыру ғана емес, сонымен қатар өндірістік процестерді цифрландыру, қазіргі мемлекеттің ресурстық базасын дамытуда цифрлық технологияларды енгізу кіреді.
«IITU» АҚ ректоры А.Хикметов:
— Қазақстан Президентінің Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы елдің дамуының негізгі міндеттерінің қатарында еңбек өнімділігінің деңгейін арттыруға және интеллектуалдық әлеуеттің сапасыy жақсартуға бағытталған ақпараттық және технологиялық шешімдерді енгізу қажеттілігі айқын көрсетілген. Бүгінгі таңда әлемдік трендтердің бірі — адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі. Алдын ала болжамдардың нәтижелері бойынша, 2025 жылға қарай әлемдік индустрияда жаңа технологиялар пакеті қалыптасуы мүмкін, бұл қызметкерлер мен қарапайым тұтынушылардан принципті жаңа кәсіби құзыреттілікті талап етеді. Бүгінгі әлем біліктілік инфляциясының жеделдеу жағдайында өмір сүреді, ал ертеңгі күні бүгінде маңызды болып табылатын құзыреттіліктер қажет болмауы да мүмкін, тіпті одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамудың шектелуіне айналуы мүмкін. Сондықтан, барлық білім беру жүйелері, Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, еңбек нарығында мамандықтарға нақты сұранысты анықтайтын экономиканың қазіргі заманғы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс, — дейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының бірі терең цифрландыру екендігін айтқан болатын. Қазақстан үшін қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың трансферті өте маңызды. Сонымен қатар қазіргі заманғы ІТ-секторды тәрбиелеу мен нығайту маңызды болып отыр. Қазақстан цифрлық хабқа айналуы үшін Ұлттық цифрландыру жобасы аясында кем дегенде 100 мың жоғары сапалы АТ мамандарын дайындау қажет екен. «Мемлекеттік органдардың бизнес-процестері цифрландырылуы тиіс. Көршілес мемлекеттерге қызмет ету үшін заманауи деректерді өңдеу орталықтарын құру қажет болады», — деп баса айтты Қазақстан Республикасының Президенті.
Ресурстық әлеуеттің тиімділігін арттыру қажеттілігі қазақстандық жоғары оқу орындарының алдына жаңа білім мен инновациялар генерациясының орталығына айналу, экономиканың басым секторларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жаңа рухани және елімізді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығара алатын интеллектуалды элита тәрбиелеу міндетін қояды.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ашылған болатын, оның миссиясы — бәсекеге қабілетті ІТ мамандарының корпусын, АКТ саласындағы инновациялар мен ғылым көшбасшыларын қалыптастыру. Қазіргі уақытта университет инновациялық технологияларды, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуда жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналып, АКТ индустриясы мен робототехникадағы ғылымды дамыту орталығы, коммерцияландырумен стартап-жобалармен де айналысуда. Бүгінде еліміздің әр аймағында ақпараттық технологиялар саласында мамандар дайындайтын ЖОО жетерлік: Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Astana IT University(AITU), Қарағанды техникалық университеті, Шығыс Қазақстан техникалық университеті.
Өсудің барлық қиын кезеңдерінен өттік, және сол кездегі жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұрудың қаншалықты маңызды екенін білеміз. Көптеген ЖОО-да ІТ оқытудың бағыттары бар. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, инновациялық шешімдерді және жаңа бизнес-модельдерді белсенді қолдану. Мұндай стратегиялық саясатты таңдау елдегі төтенше жағдай кезінде қашықтан оқытуға үйлесімді түрде көшуге мүмкіндік берді. Сондықтан Мемлекет басшысының Жолдауын жұмысты одан әрі жетілдірудің нақты әрекеттер алгоритмі ретінде қабылдау керек сияқты.
Бүгінде әлемнің үздік университеттері цифрлық трансформация мен инновациялық даму курсын қолға алған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев атап өткендей, «білім экономикасының негізі әлемдік білім беру мен инновация жүйесіне енген заманауи зерттеу университеттері болуы тиіс».
Бүгінде цифрлық дағдылар тек информатика мамандығы бойынша оқитындарға қажет болды, енді кез келген қызметте қажет: гуманитарлық, мұнай, экономика немесе басқа да. Ел экономикасының технологиялық жаңаруы жағдайында еңбек нарығы құзыреттіліктердің әмбебап жиынтығына, белсенді азаматтық ұстанымға, тұлғааралық дағдыларға және жүйелік ойлауға ие кадрларды қажет етеді.
Кешенді цифрлық трансформация идеясы жаһандық жаһандық тренд болып табылады, ал цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасының дамуында маңызды рөл атқаруда. Цифрландыру еңбек нарығында жұмыс істейтін мамандықтардың құрамына қойылатын өндірістік талаптардың қолданыстағы жүйесінен едәуір озып кетті. Цифрлық экономика адамдардан пайда алу үшін цифрлық дағдыларды қажет етеді. Қазіргі уақытта халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылық деңгейі 81,5% құрайды, бұл, әлбетте, жақсы көрсеткіш. Бірақ қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оны сандық және сапалық жағынан да жетілдіру қажет. Ол үшін, сарапшылардың пікірінше, цифрлық экономикаға мамандар даярлауда, ең алдымен, фактілер мен формулаларды есте сақтауға емес, ақпаратты талдау дағдысына және креативті ойлауды дамытуға назар аудару қажет. Өнеркәсіп пен білім беруді жақындастыру мақсатында техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту үшін кәсіпорындар жанындағы жоғары оқу орындарының АКТ кафедраларын, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындары базасында құзыреттілік орталықтарын құру бойынша шаралар атқарылып жатыр.