Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:15, 04 Қараша 2025

Қазақстанда қалыңдық ұрлау бойынша 15 адам ұсталды

1
Фото: ашық дереккөз

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген «Неке қиюға мәжбүрлеу» бабымен ел бойынша жеті қылмыстық іс қозғалды.

 Полицияның мәліметінше, ұсталғандар саны 15 адамға жеткен. Олардың ісі Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.

Заң бойынша, қалыңдық ұрлағандарға 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ішкі істер министрлігі әйелдерді кез келген зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеуден қорғау бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Айта кетейік, жақында Тараз қаласында күндізгі уақытта қыз ұрлау оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Куәгерлердің айтуынша, автобус аялдамасында тұрған бойжеткенді күшпен көлікке отырғызып алып кеткен. Оқиға куәгерлері көмек көрсетуге тырысқанымен, әрекеттері сәтсіз аяқталған. Кейіннен 3 күдікті ұсталды.

Тегтер: