Цой кәсіпкерлерге қауіпсіздік талаптарын сақтау керегін ескертті
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықкәсіпкерлерден санитарлық шараларды қатаң сақтауды сұрады.
Бизнестің санитарлық қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпенқарауы өте маңызды. Өйткені бұл талаптар Кәсіпкерлер Палатасы базасында кеңіненталқылаудан өтіп, қабылданды. Айта кету керек, бизнестің жауапкершілігінарттыруды ескере отырып, біз кәсіпкерлік қызмет түрлерінің 90 пайызына дейінхабарлама жасауға келістік.
Цой бизнес өкілдерінің санитарлық қауіпсіздікталаптарына барынша жауапкершілікпен қарауы керегін ескертті.
Мұндай жағдайда бизнес санитарлық талаптарды қатаңсақтауға кепілдік береді. Тікелей тексеруші келмегенімен, қоғамдық қадағалау,кез келген келуші құқықбұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органдарға жібереалады. Мамыр айында карантин аяқталғаннан кейін болған жағдай бизнестіңсанитарлық талаптарды сақтауы өте маңызды екенін көрсетті, өйткені мұндайнысандарда халық көп жиналады", — деді Алексей Цой.
Cондай-ақ, министр кәсіпкерлерарасындағы талап бұзушылықтың алдын алу және анықтау үшін қоғамдық бақылау жұмысістейтінін айтты. Сондай-ақ www.infokazakhstan.kz сайты аясында санитарлықталаптардың бұзылуы туралы ақпаратты СЭС қызметіне жіберу мүмкіндігі бар деді.
«Кәсіпкерлік қызметті www.infokazakhstan.kzпорталында тіркемей қайта бастау — бұл заң бұзу екенін ескерткім келеді.Кәсіпкерлерді осы порталдың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын, ол қосымшақұжат толтырудан босатады, 10 минут ішінде өтінім жіберуге мүмкіндік береді.Санитарлық қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, біз бірге аурушаңдықтытөмендету бойынша оң трендті сақтауға үлес қосамыз», — деді Денсаулықсақтау министрі Алексей Цой