Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 13 Сәуір 2020

Covid-19: Алматылық дәрігерлер «Жас Алашқа» шағымданды

Осыған дейін Алматы қаласының  №12 орталық клиникалық ауруханасында жұмыс істейтін12 адамнан коронавирус табылған еді.

  Бүгін «Жас Алаштың» сайтына  хабарласып мән-жайды айтқан дәрігерлер аты-жөндерін атап көрсетпеудіөтініп, қазіргі жағдайларына шағымданды. Айтуларынша, ауырғаны да, ауырмағаныда бар, барлық дәрігерді «Көктем» санаторийіне апарып тастаған. Ол жердевирустың белгілері байқалған дәрігерлер барлығымен емін-еркін байланыста жүр.

«Қазір «Көктем» шипажайындамыз. 11 сәуір күні сағат 9:00-де осында әкеліп тастады. Арамыздакоронавирус жұқтырған адамдармен тікелей қарым-қатынаста болған адамдар да бар.Анализдің қорытындысы 12 сағатта шығуы керек еді, алайда екі күн өтсе де ештеңеайтылмады. Естуімізше, анализдың жауабы шыққан. Бірақ көбінде вирусанықталғандықтан оны ешкімге айтпай отыр. Барлығымыз 200-ге жуық адамбыз. Арамызда «екі-үш адамнан вирус анықталған» деген әңгіме тарап жатыр. Өзіміз де дәрігер болғансоң байқаймыз, алғашқы белгілері біраз адамда байқалып жатыр. Басшылыққа «вирус анықталғандар болса бөлек жатқызсын» дедік. Нәтиже болмаған соңБАҚ-қа шығуға мәжбүр боп отырмыз»,-дейді дәрігерлер. 

Жұмысы мен отбасынаалаңдаған олар аты-жөндерін айтпауымызды өтінді.

Бұл жағдайғабайланысты Денсаулық сақтау министірлігінің ресми өкілі Диас Ахмет-Шәріпке хабарластық. Ол дәрігерлердің «Көктем»  шипажайында жатқанын растады.Оның айтуынша, әлі анализ алынып жатыр. 

«Анализдің жауабы екі-үш күнде дайын боладыекен. Дәрігерлер айтқандай, тест нәтижесі 12 сағат ішіне дайын болуы керек қой» деген сауалымызға  министрлік өкілі: «адам көпболғандықтан анализ қорытындысы көбірек уақыт алады» деді.

 Айта кетерлік жайт, осы мәселеге қатыстытүсінік алғымыз келіп, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысыныңорынбасары  Жанар Мадееваға хабарластық. Бірақ төтенше жағдайда мобильді түрде жұмыс істеуі тиісведмоства өкілінің телефоны өшіп тұр. Мұнымен тоқтамай,  осы  ведмостваның баспасөз хатшысы Набира Есеновағателефон шалған едік,  ол телефонын мүлде көтермеді. Мадеева ханым мен баспасөз хатшысынан жауап ала алмаған соң,  Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының  тағы бір орынбасары Бисенбаева Әсел Аманжолқызынателефон шалып едік, ол: «бұл мәселеге қатысты арнайы брифинг өткіземіз» депқысқа қайырды. 

Думан ТЕРЛІКБАЙ 

Тегтер: