Covid-19: Біртанов Алматыдағы дәрігердің наразылығына жауап берді
Денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қалалық балалар жұқпалы ауруларауруханасының қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердіңжалақыға қосылған үстемақыға қатысты шағымына жауап берді.
Бұданбұрын Алматы қалалық жүұпалы аурулар ауруханасының дәрігері Әмина Смайлова әлеуметтік желіде өтемақыға қатысты өзнаразылықтарын білдірген жазба қалдырған болатын.
«Бізәріптестерімізбен вирус жұқтыру қаупі өте жоғары — бірінші топқа қараймыз, олар20 ең төменгі жалақы (850 мың теңге) көлемінде қосымша ақы алуы тиіс. Біздіүшінші топқа жататын қабылдау бөлімшелерінің, шұғыл стационарлар бөліміндегіқызметкерлерге жатқызғанына наразымыз. Біз, барлығымыз қабылдау бөлімініңқызметкері және бөлімше бойынша кезекші дәрігерлер үстеме ақы ретінде 58 мыңтеңгеден 169 мың теңгеге дейін алдық", — деп жазған аурухана дәрігеріӘмина Смайылова.
«Қабылдау бөлімінде анамнез жинау, толық тексеру, физиологиялық тексеру,талдаулар жинау жүзеге асырылады. Пациенттердіңқабылдау бөлмесінен өтпей, бөлімшеге қалай түскені қызық? Бізді үшінші санатқажатқызу мүмкін емес»- деді дәрігер.
Денсаулық сақтау министрі Біртановолардың наразылығымен келісіп, әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Ол бұл мәселе бойынша Алматы Қоғамдық денсаулықбасқармасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес коронавирус инфекциясынақарсы іс-қимылмен айналысатын дәрігерлердің төлемдерін реттейтін Денсаулықсақтау министрлігінің бұйрығын түсіндіруде қате жібергенін айтты.
Министр инфекциялық стационарларға жататын барлықдәрігер, мейірбике және кіші буын медицина қызметкерлері бірінші санатқа жатадыжәне олаға тиісті үстемақы төленетінін, басқарма мен клиника басшылығына ертеңтаңертең қателікті жоюға және бекітілген бұйрыққа сәйкес қосымша төлемдіжүргізулерін тапсыратынын жазды.