Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:37, 09 Сәуір 2020

Covid-19: енді Қарағандының дәрігерлері наразылықтарын айта бастады

Қарағанды қаласының жедел жәрдем станциясы дәрігерлері төңірегінде шушықты. «Басы ауырып, балтыры сыздаған» халыққа қызмет көрсететін Қарағандыдағыжедел жәрдем станциясының фелдшерлері Денсаулық сақтау министрі ЕлжанБіртановқа хат жазған.

Аты жөндерін көрсетуден қаймыққан ақ халаттыларкороновирусқа қатысты бөлінген үстемақының өздеріне тимей тұрғанын жазыпты.Айтуларынша,  Қарағанды облысында жеделжәрдем подстанцияларынан тек екі бригаданы ғана короновирусқа қатысты қызмет көрсететін бригада етіп жасақтаған.

«Енді үкіметтен бөлінген қаражатты осы екі бригада ғана алатынын мәлімдеді.Бұрын мұндай вирусқа қатысты түскен шақыртуға 16 наурыздан бастап, барлықбригадалар барды. Енді арнайы бригада 8 сәуірде ғана жасақталды, бірақ бізбасқа шақыртуға барғанда ондағы адамдардың короновируспен ауырмайтынына кімкепіл болады. Осы мәселені назарға аларсыз деп үміттенеміз. Аты жөнімізді айтаалмаймыз, өйткені күн көріп отырған жұмысымыздан айрылғымыз келмейді» ,- дегенмәтінмен Қарағандыдан бір топ жедел жәрдем қызметкерлері министрге хатжазған. 

Бұл мәселеге қатысты Жас Алашқа Қарағанды қаласының жедел жәрдемстанциясының дәрігерлері сұхбат беріп, ойларын ашық білдіруге тайсақтады.  Ал облыстық жедел жәрдем станциясы орталығының басшылығы короновирус сырқатына қарсы  қызмет көрсету үшін жасақталған бригадаларға үстемақының төленетінін мәлімдеді. «Аса қауіпті инфекциялармен күресу және олардың медициналық қызметкерлер арасында таралуын болдырмау  үшін арнайы жедел жәрдем бригадалары құрылды. Қауіпті инфекцияға, оның ішінде короновирустық инфекция бар болуы ықтимал деп күдікпен келген қоңырауларға тек санитарлық нормаларды сақтай отырып, осы топтар ғана қызмет етеді. Бұл жедел жәрдем бригадалары „жоғары қауіпті “ топқа кіргендіктен короновирус сырқатын жұқтыру қаупі бар қызметкерлерге яғни мамандандырылған бригадаларға үстемақы төленеді» ,- деп мәлімдеді Жас Алашқа сұхбат берген облыстық жедел жәрдем станциясы орталығының директоры Зульфикар Абилкасимов.Негізінен жедел жәрдем қызметкерлері арасында жалақыға қатысты дау дамайбұған дейін бірнеше рет шыққан. Осы жылдың ақпан айында жедел жәрдемстанциясының көлік жүргізушілері жалақыларының аз екенін әрі оның көлемі жылдарбойы көтерілмей келе жатқанын айтып наразы болған еді.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА,

Қарағанды

Тегтер: