08:43, 18 Мамыр 2020
COVID-19: індет жұқтырғандардың саны 6440 адамға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 283 адам коронавирус жұқтырып, қауіпті індетті жұқтырғандардың қатары 6440-қа жетті.
Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырған 131 адам ауруынан айығып шықты деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Сондай-ақ, 17 мамыр күнгі жағдай бойынша тағы 3 адам – Алматы облысында, екі адам Маңғыстау облысында коронавирусты жеңген.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 6440 адамға жетсе, олардың 3256-сы жазылып шықты. Ал, 34 науқас ауруханада көз жұмды.