05:56, 22 Мамыр 2020
COVID-19: індетті жұқтырғандардың саны 7 мыңнан асты
Қазақстанда соңғы тәулікте 363 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 363 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 5% құрады.
Аймақтар бойынша:
Қарағанды облысы – 130 (43,3%)Нұр-Сұлтан қаласы – 54 (3,8%)Алматы қаласы – 35 (1,8%)Шымкент қаласы – 31 (6,1%)Атырау облысы – 25 (3,1%)Алматы облысы – 24 (10,1%)Түркістан облысы – 20 (8,2%)Ақтөбе облысы – 9 (3,9%)Қызылорда облысы – 9 (3,4%)Батыс Қазақстан облысы – 8 (2,3%)Ақмола облысы – 7 (5,2%)Жамбыл облысы – 7 (3,2%)Қостанай облысы – 3 (2,7%)Солтүстік Қазақстан облысы – 1 (2,6%)Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 7597.