Covid-19: Қытайдың сапасыз ПЦР-тесті кімнің бизнесі?
Бүгінде еліміздекүн сайын 15 мың адам коронавирусқа анализ тапсырады. Мамыр айының ортасындабұл көрсеткіш екі есе артып, тәулігіне 28 мың адам тексеруден өтеді депжоспарланған.
Қазірдің өзінде Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларында «Олимп» және Invivoэкспресс-тестіні ақылы түрде өткізуде. Оның тиімсіз екі жағы бар. Біріншіден,экспресс-тест бұрын коронавирустың жеңіл түрімен ауырып, жазылған антидененіғана анықтайды. Екіншіден, оның ақысы тым қымбат – 20 мың теңге көлемінде.Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «ДСҰ және көптеген мемлекеттіңденсаулық сақтау министрлігі қазір ПЦР-тестілеуді қолдайды. Өйткеніэкспресс-тест вирусты ерте кезеңнен анықтап, емдеуге жарамсыз», – дейді.
Мамыр айында 600мың ПЦР-тест сатып алу көзделген. Оның негізгі жеткізушісі Қытай өндірушілері. БірақҚытайдан шығатын ПЦР-тестіге толық сенім жоқ. Биыл ақпан айының басында «Роспотребнадзор»Қытайда жасалған ПЦР-тест адамның бойында вирус болса да, таба алмайтынынхабарлады. Академик Ван Чэн: «Зертханалық тексерулер расымен ауырған адамдардың30-50 пайызын ғана растайтынын анықтады», – деді. Ғалымдар диагностиканың дәлшықпауын тыныс жолдарының төменгі жағы шайылып кететінімен байланыстырып отыр.
Қытай өнімдерісенімсіз болғандықтан, Ресей ғалымдары «Вектор» атты жаңа аппарат жасап шығарды.Бірақ сынақтан өткенде бұл құрылғы вирусты 50 пайызға ғана анықтайтыны белгіліболды. Қазақстан дәрігерлері эпидемияның алғашқы күндері орыстардың осыаппаратын қолдануға мәжбүр еді. Одан соң Қытайда жасалған ПЦР-тест сатып алынабастады.
Наурыз айының соңында Испания Қытайдан сатып алынған ПЦР-тестініңкоронавирусты өндіруші кепілдік бергендей 80 пайыз емес, 30 пайыз ғанаанықтайтынын дәлелдеді.
ПЦР-тест қателігііндеттің одан ары өршуіне жол беріп отыр. Қазір елімізде бұл кеселгешалдыққандар саны 4000-ға жуықтады. Оның ішінде 800-ден астам дәрігер бар.Дәрігерлердің вирус жұқтыруына нашар қорғалған экипировка ғана емес, науқастардыңқате шыққан анализ қорытындысы да әсер етуі бек мүмкін. Сәт сайын мутацияғатүсетін вирусты консервативті жолмен анықтай салу оңай емес. Науқаспенбайланыста болған күдікті пациенттің анализі «таза» деп көрсетсе, дәрігерлерқауіпсіздікті ұмытып, тығыз қарым-қатынас жасауын да жоққа шығаруға болмайды.
Мұндай жағдайдақауіпсіздікті күшейтіп, індетті жоғары дәлдікпен анықтау үшін не істеу керек? Медицинағылымының докторы, профессор Арай Төлемісова мұның да жолын тауыпты.
– Коронавирус Еуропаны түгел шарлап, бізге жеткенше қатты өзгеріске түсті.Сөйтіп, адамнан адамға жұғу арқылы бізге әбден әлсіреген, басқа түрі жетті.Вирустың үш ДНК және РНК-лы екенін білеміз. Бізде індетке шалдыққандарда Қытай,Иран немесе Еуропадағыдай белгілер көзге ұрып тұрған жоқ. Вирустың мұндайсипаты дәл диагноз қоюға тағы да кедергі келтіріп тұр. Оңтүстік Кореяда жасапшығарылатын Bioneer атты аппарат үш сағат ішінде коронавирустың кез келгентүрін 100 пайыз дәлме-дәл анықтайды. Өйткені бұл аппарат вирус геномынмолекулярлық-генетикалық деңгейде зерттейді. Басында біз ол құрылғынытуберкулезді анықтап, емдеу үшін қолданғанбыз. Аппараттарды алдымен Алматыдағы туберкулез диспансерінеқойып, үш жылдай ғылыми-зерттеу жүргіздік. Нәтижесі өте жоғары екенін дәлелдейотырып, ғылыми мақалалар жарияладық. Бүгінде бұл аппарат еліміздегі 13 облыстыңауруханаларында жұмыс істеп тұр. Мамандарды үйретіп, бір жылдан кейін Кореяғаапарып, тағы оқыттық. Ең қызығы, осы коронавирус індеті шыққандаОңтүстік Корея ғалымдары тағы да осы құрылғының көмегіне жүгінді. Нәтижесі біз күткенненде асып түсті, – дейді профессор.
Құрылғының ПЦР-тестінен тағы бір артықшылығы – барлықанализді анықтау жұмыстары жабық жағдайда өтеді. Ал ПЦР-тест арқылы зерттеуашық жағдайда жүргізіледі. Мұндай жағдайда лаборанттың індет жұқтырып алумүмкіндігі өте жоғары. Аппараттың реактивтерін ауыстыра отырып гепатит, СПИД,туберкулез, пневмония секілді 120 түрлі кеселді анықтауға болады.
– Бұл аппаратқа 5-7 минутта анализдерді нөмірлеп құйып,машинаға салып қояды. Аппарат екі сағатта 48 анализді өзі автоматты түрде жасапшығарады. Оған дейін лаборантқа басқа жұмыстарымен айналысуына болады. Оданкелесі машинаға ауыстырып салады, ол жерде бір жарым сағат тұрып, нәтижесікомпьютерге шығып келеді. Сонда бір ғана лаборант жеткілікті, – дейді АрайТөлемісова.
Алматы қалалықсанитарлық-эпидемиологиялық басқарма жақында ғана осы аппаратпен коронавирустыжан-жақты зерттеп көріпті. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі құрылғыныңмүмкіндіктері арқасында өте сапалы шыққан. Содан кейін-ақинфекционист-вирусолог мамандар денсаулық сақтау министрлігіне осындайаппараттарды көптеп сатып алу туралы ұсыныс та жасаған. Бірақ Елжан Біртановқаржы бөлу мәселесіне әлі асықпай отырған көрінеді.
Ал Қытайдыңсапасыз ПЦР-тестілері тоқтаусыз, жүз мыңдап сатып алынуда. Осы орайда, «Олкімнің бизнесі?» деген сұрақ маза бермейді.
Тоқтар ЖАҚАШ,
«Жас Алаш»