Covid 19: Спорт әлемінде көз жұмғандар кімдер
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 823,6мың адамнан асты.
40 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.
Соның ішінде спорт әлемінеқатысы бар 12 адамкөз жұмды. 28 ақпан күні ең алғашқы болып ирандық футболшы қыз Ильхам Шейхибақилыққа аттанған. Ол небәрі 23 жаста еді.
Араға он жеті күн салып, Иранжәне испаниялық екі футбол бапкері, ал ертеңіне «Фламенго» клубының массажшысыМариу Вериссиму ажал құшты.
20 наурызда екі испаниялықспорт журналисі өмірден озды.
21 наурызда «Реалдың» бұрынғыпрезиденті Лоренсо Санс 76 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
23 наурызда «Эспаньол»клубының бұрынғы қақпашысы, бапкері болған 84 жастағы Бенито Хоанеганың өлімінекоронавирус себепші болды.
Үш күннен кейін италиялықбұрынғы велошабандоз Данило Бароцци және «Витесс» командасының экс-президентіКес Баккер фәниден өтті.
Жақында ғана «Марсель»клубының бұрынғы басшысы 69 жастағы Папе Диуф және Сент Джонс университетініңбұрынғы баскетболшысы Ли Грин 49 жасында коронавирус салдарынан о дүниегеаттанды.