COVID-19: Сын сағатта елдегі жағдай қалай өрбіді?
Соңғыдеректерде елімізде 1470 адам вирус жұқтырған. 285 адам ауруынан айықса, 17-сікөз жұмды.
Мамандар мен Денсаулық сақтау министірлігі вирустың шарықтау шегісәуірдің соңы мен мамырдың басына жоспарлап отыр. Қытайдың эпидемологы ЧжунНаньшань «әлемдегі ахуал екі аптадан соң ғана шарықтау шегіне жетеді» депболжам жасаған. Осыған байланысты 12 күн бұрын шұғыл түрде елдің бірнешеқаласында ауруханалар салына бастаған-ды. Ол жерде адамдар ауысыммен, тәулікбойы істеп жатыр. Экономиканы да төтенше жағдайға бейімдеу жүріп жатыр. Кредитібар 5,3 млн адамның 1,5 млны «отсрочка» алған.
ДӘРІГЕРЛЕРҺӘМ МОЛДАҒАСЫМОВА ДАУЫ
ЕлдЕгі жағдай ушыққанда оны ауыздықтайтындәрігерлердің өзі вирус жұқтырып жатыр. Солай Алматы қаласының №12 орталықклиникалық ауруханасының дәрігерлерінен вирус анықталып барлығы бірдей Көктемшипажайына карантинге жатқызылыған. Оған дейін дәрігерлер сұхбат беруденүзілді-кесілді бас тартып, қашқақтайтын. Кейін өздері байланысқа шығып,шағымданған ақ халаттылар «Барлығымызды бірге ұстап отыр. Арамызда вирус жұқтырғаныда, жұқтырмағаны да бар» деген. Олар тек анонимді түрде байланысқа шығуғакеліскен-ді. Себебі елде дәрігерлердің аузын жауып айтқызбауға тырысуыбайқалады. Кейін сол аурухананың бас дәрігеріАлмаз Жұбашев қызметінен кетті. Бұғандейін Молдағасымова «коронавирус жұқтырған дәрігерлерді сақтық шараларын дұрыссақтамады» деп айыптаған. Осыдан кейін Г.Әміреева гинекология бөліміндегі 33адамымен қоса Алматының бас санитарын сотқа беретінін жазды. Бұл бас санитардыңалғашқы дауы емес. Осыған дейін ол вирус жұқтырған адамдармен бірге Франкфуртқаласынан ұшып келген және соны біле тұра журналистеремен кезедсу өткізгенболатын. Кейін танымал дәрігер Қайырғали Конеевтің хабарлағанындай, АйзатМолдағасымова карантинде жатқан кезде өзіне екі рет сыйақы жазып алған. МұныМолдағасымова жоққа шығарып, өзіне сыйақы тағайындамағанын айтты.
Жалпы еліміздедәрігерлердің шағымы жиіледі Маңғыстауоблысының дәрігерлері қосымша үстем ақы төленбейтінін айтса, тараздықдәрігерлер өз-өздеріне маска тігіп жатқанын хабарлады. Қарағандылық жедел жәрдем қызметкерлеріжағдайының санитарлық талаптарға сай емес екенін айтты. Елімізде 370-тен астамдәрігер вирус жұқтырған.
42 500 ТЕҢГЕ МЕН СЫН КӨТЕРМЕЙТІН САЙТ
Елдегі карантин кезінде жұмысынан айырылғанадамдарға 42 500 теңгеден беріледі деген хабар тарады. Осыған байланыстытиісті міндетті атқаратын сайт ашылған-ды. Алайда алғашында бір реттік төлемгеүмітенгендердің көптігінен сайт істемей қалды. Egov-пен де дәл сондай жағдайболды. Телеграм әлеуметтік желісінде тиісті міндетті атқаратын бот іскеқосылған еді, ол да біраз уақыт істемей тұрып, кейін іске қосылды.
Көптеген адамдар «еңбекпенқамту және әлеуметтік қорғау министірлігін дұрыс алгоритм жасамады» депайыптады. Оның үстіне айлық табысы млннан асатын азаматтар да өтініш бергенібелгілі болды. Қазір жағдайдың бір қалыпқа түскені байқалады.
ҚАШЫҚТАН ОҚУ ӘУРЕСІ НЕМЕСЕ «ҚАЙЫРШЫ МЕМЛЕКЕТ»
Елде төтенше жағдай жарияланып, қалалардың карантинге жабылуыұстаздар мен оқушыларға да оңай тиген жоқ. Білім және ғылым министірлігіалғашында оқушылардың онлайн оқуға көшетін айтқан, бірақ еліміздегі интрнетсапасы тым нашар боп, ондай сынға дайын болмай шықты. Бұл жағдай әсіресе шетаймақтағы студенттер мен оқушыларға ауыр тиді. Солай Алматы облысының Көксуауданындағы бір ұстаз күнде ноутбугын арқалап сіңілісінің үйіне баратынынайтып, Қазақстанды «Қайыршы мемлекет» деп атаған. Кейін кешірім сұрады.
Думан ТЕРЛІКБАЙ