Covid-19: Теміртау тұрғыны ауруханада шу шығарды (видео)
Теміртау қаласының тұрғыны 5 сәуірде жүрегі ауырыпауруханаға түскен. Алайда оны дәрігерлер кардиология бөліміне емес, пульмонология бөліміне жатқызыпты.
Ол өзінің жағдайын әлеуметтік желіге салып, жұрттан көмек сұраған.Ер адамның айтуынша, пульмонология бөлімшесінде короновирусқа шалдыққанжандармен байланысты болғандар дабар.
«Мен екінші топтағы мүгедекпін. Жүрек жеткіліксіздігі бар.Бірақ мені неге екені белгісіз кардиологияға жатқызбады. Қазір жүрегім дұрысжұмыс істемегендіктен өкпеме су жиналып жатыр. Пульмонологияда үш күн жаттым,сол жерде короновирусқа тест алып оның нәтижесі теріс шыққан соң ғана үшіншіқабатқа апарды. Маған қазір жүрегімді емдеуге кәсіби тұрғыда көмек көрсетіп жатқан жоқ»,-деп мәлімдеді Теміртау тұрғыны.
Науқас бірнеше рет өзін кардиолологияға ауыстыруды немесеүйіне босатуын талап еткен. Бұғанқатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Короновирусқа күдік болғандықтан, Теміртау тұрғынын өкпесі қабынған деген диагнозбен ауруханадағыпульмонологияның провизорлық бөліміне жатқызғанын» мәлімдеді.
Науқас короновирустыанықтау үшін тексеруден өткен. Кесел анықталмаған соң басқа бөлімшегеауыстырылған. Рентген қорытындысына сай ер адамның өкпесінің төменгі бөлігініңқабынғаны анықталған. Теміртаулық тұрғын дәрігерлерге наразылық білдіріпауруханада шу шығарған. Оған дәрігерлер екі рет полиция шақырған. Бүгіндедәрігерлер оның үстінен арыз түсірген.
Теміртаутұрғынының дәрігерлерге наразы болған бейнежазбасын «Жас Алаш» сайтына қосасалуды жөн көрдік.
АрайлымЕРКЕБАЕВА,
Қарағанды