Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:20, 13 Сәуір 2020

COVID-19 жұқтырған дәрігерлер қауіпсіздік ережелерін сақтамаған - Молдағасымова

Алматықалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы АйзатМолдағасымова 12 дәрігердің COVID-19 жұқпасын жұқтыру себептері туралы айтты.

 «Мұныңбір себебі — медицина қызметкерлерінің өздері барлық сақтық шараларынсақтамаған. Мүмкін,  олар «науқастардың саны онша көп болмайды» деп үміттенген шығар», деді Айзат Молдағасымова. 

 Соныменқатар, Айзат Молдағасымова жұқтырған адамдарды емдейтін дәрігерлердің барлығынүнемі маскалар мен жабдықтарды ауыстырып тұруға шақырды.

 "Басдәрігерлер өз қызметкерлерінжеке қорғаныс құралдарымен, маскалармен, өорғаныш киімдерімен қамтамасыз ету керек",-деді Айзат Молдағасымова. 

 Еске салайық, бұған дейін «Жас Алаш» Алматыда дәрігердің вирус жұқтыра бастағанын жазған болатын.  Алматыда 11 сәуірде 12 медицина қызметкерікоронавирус жұқтырғанын атап өткен жөн. Алайда кейінірек дәрігерлердің арасындатағы 15 инфекция анықталды. Осылайша, бұл көрсеткіш  27-ге дейін өсті.

 Ауруға шалдыққан медицина қызметкерлерінің арасында дәрігерлер,медбикелер және басқалар бар.

Тегтер: