Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:57, 20 Шілде 2020

Covid статистикасына күдік келтірген сарапшы Тоқаевтың кеңесшісі қызметінен босатылды

None
None

Экономист Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды.

Бұл туралы 20 шілдеде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында хабарлады.

Дегенмен баспасөз хатшысы Құдайбергеновтің қызметтен кету себебін айтпаған.

Экономистің өзі Facebook-тегі парақшасында бұл қызмет "менің айтқан кейбір өткір пікірлерімді жиі саясиландыратын, сондықтан енді айтқандарым саяси рең ала қоймас деп үміттенемін" деп жазды.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c = 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState = «uninitialized» || d.readyState = «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Былтыр желтоқсан айында президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалған 38 жастағы Олжас Құдайбергенов бұған дейін үкіметтің бастамаларын, оның ішінде пандемия кезіндегі атқару органының әрекетін сынаған.

Құдайбергенов бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар шын мәнінде ресми мәліметтен әлдеқайда көп, елде шамамен 2 млн адам COVID-19 ауруына шалдыққан немесе ауырып жатыр, кемінде 1895 адам коронавирустан қайтыс болған деп жазған.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: