COVID19-бен емес, масамен алысып әлек
Семей әкімін коронавирустың өршігенінен гөрі масаныңкөбейгені мазалай ма?
Жаз туысымен бау-бақшаұстағандардың мазасын қашыратын жайт – маса мен шыбын-шіркейдің көбейетіндігі.
Қызықболғанда, бұл мәселеге қалалық әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің саяжайларалқабына жауапты сала мамандары мен СЭС қызметкерлерінен бұрын, қала әкіміЕрмак Сәлімов баса назар аударып отыр. Яғни тұрғындар тарапынан түскен шағымдарғақұлақ түргені ме, жоқ әлде Ертісті жағалап жүргенде өзін де маса талап кеттіме, қала басшысы жәндктің таралу ошақтарын тексеруге шығып қайтты. Әкімсапарынан ұққанымыз – өзен жағалауында және тұрып қалған әрі лас тоғандарда масаныңтез көбейетіндігі. Одан қалса, жағалаудың кейбір тұстары қоқысқа толып, ағынсудың ластануы да маса мен шыбын-шіркейдің жылдам тарауына жол ашады. Қазір төтеншежағдай басқармасы қызметкерлерінің көмегімен тазалау жұмыстары басталды. Ендіқара күзге дейін масамен күрес толастамайды.
Қалаәкімі Е.Сәлімов масандың таралу ошақтарына тіпті ғылыми тұрғыдан мән беруге дешақырыпты. Әсіресе су айдындарындағы батпақты тұстардан келер қауіп көп. Алоның жай-күйін зерттейтін гидротехник маманның жоқтығы да жұмысқа қолбайлау.
Коронавирусинфекциясының таралу көрсеткіші Қазақстанда да қаупін күшейтіп тұрғаны белгілі.Шығыс Қазақстан облысы бойынша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 148-ге (соңғыалты адамды қосқанда) жетті. Осыдан бірер күн бұрын облыстағы COVID-19 көрсеткішінің басым бөлігі Семейденшыға беретіні жаңалық болудан қала бастаған еді. Қала билігі оған тұрғындардыңөзін кінәлап, сақтық шараларын сақтауға шақырғаны еш нәтиже бермей отырғанын даамалсыз мойындаған. Ал кеше облыста алты адамнан дерт анықталды. Қазіргіуақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарғажатқызылды» делінген аймақ әкімдігі таратқан мәлімдемеде.⠀Ал Семейдің әкімімасаларға қарсы күрес шараларын күшейтіп әлек.
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,
Шығыс Қазақстан облысы