Дағыстанда үш күн бойы қаралы күн жарияланды
Дағыстанда синагога мен шіркеуге жасалған шабуыл салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.
«Бүгінгі лаңкестік әрекеттің құрбаны болған 15-тен астам полиция қызметкері Дағыстанның тыныштығын қолдарына ұстап қорғады», - деді аймақ басшысы Меликов өзінің Telegram-каналында.
Сонымен қатар, Меликов бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапқанын айтты. Республикада 24, 25 және 26 маусым қаралы күн деп жарияланды.
Айта кетейік, жексенбі күні кешке қаруланған топ Дербенттегі синагога мен шіркеуге оқ жаудырды. Салдарынан ғимараттарда өрт шыққан. Осымен бір мезгілде Махачкалада жол полициясы бекетіне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Сонымен қатар Серғоқала ауылында тағы бір шабуыл болған. Онда шабуылдаушылар полиция көлігіне оқ жаудырған, офицерлердің бірі жараланған.
Республикада терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Тергеу комитетінің Дағыстан бойынша департаменті «теракт» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Терроризмге қарсы ұлттық комитет бес адамның ұсталғанын хабарлады: екеуі Дербентте және үшеуі Махачкалада. Меликовтың айтуынша, алты қарақшының көзі жойылған.
Жергілікті БАҚ қазіргі Дағыстандағы лаңкестік әрекет салдарынан 20 адам қаза тапқанын хабарлады. айтылды.
15 қауіпсіздік органының қызметкері, сондай-ақ бір діни қызметкер, бір шіркеу күзетшісі және үш белгісіз адам қаза тапқан, деп жазады Baza арнасы.