Даниал Ахметов Париж олимпиадасында жүр
Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтың Париж олимпидасында жүрген суреті тарады.
Ол жеңіл атлетика федерациясының президенті ретінде спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету үшін барған.
Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті, делінген федерация хабарламасында.
Қазіргі нәтиже бойынша жеңіл атлеттер арасынан тек Нора Жеруто ғана Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Даниал Ахметов 2014 жылғы 11 қарашадан 2023 жылғы 16 маусымға дейін – Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
Бұған дейін Ахметовтың үстінен Шығыс Қазақстандық тұрғындардың бірнеше рет арыз түсіргені мәлім болған.