Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:22, 06 Маусым 2024

Даниял Ахметовтың Тайвань арқылы миллиардтаған қаржы шығаруға қатысы болуы мүмкін

Даниал Ахметов
Фото: kazface.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниял Ахметовке қатысты бірнеше арыз түскенін айтты. 

Ахметов әкім боп тұрған кезде миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдар істен шыққан. Нәтижесінде, қазір Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқтығы айтылады.

Бір кездері жалғанды жалпағынан басып, Елбасының сенімді адамы атанғандардың бірі, жоқ бірегейі – Даниял Ахметовке қатысты арыздар легі тоқтар емес. Сол көп шағым ішінен біреуіне ғана тоқталайын.

Даниал Ахметов әкім боп тұрған кезде Өскемен және Семей қаласы көшелерін жарықтандыруға деп ЕБРР (Европа қайта құру және даму банкі) арқылы 3, 6 млрд, оған қосымша бюджет тарапынан 1, 2 млрд, барлығы 4, 8 млрд бөлінген екен. Бұл жобаны ДА тарапынан жеке лобби жасалғанына дәлел ретінде, оның әкім боп тұрғанда ЕБРР-дың Лондондағы офисіне келіссөз жүргізуге өзі барғанын айтады шағым иелері. Бірақ мәселе онда да емес, мәселе сол миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдардың басым бөлігінің жанып кеткендігінде және кепіл уақыты ішінде ауыстырылмауында. Нәтижесінде, Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ, алайда ол жағдай екі облыстың бюджетін ЕБРР алдындағы қарыз міндеттемелерінен босатпайды, деп жазады депутат.

Сонымен қатар, ол құжатарға сәйкес, осы күмәнді келісімге қатысқан екі компания белгілі болғанын айады. Олар: 1. ШҚО әкімдігі ашқан «Региональный центр ГЧП ВКО» АҚ, 2. Тайваньда тіркелген «Everlight Electronics Co. LTD».

Яғни, ұршықта айналған жіпті шетінен тарқататыны сияқты, тексеруді әкімдік жанынан құрылған мекемеден бастаса біраз дүниенің басы ашылары анық. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстандық ағайындардан түскен арыз бен өзім тарапынан қосымша сұратып алынған құжаттарды, тиісті құқық қорғау органдарына өз талдауыммен қоса жолдайтын боламын, дейді Абзал Құспан.

Айта кетейік, Даниал Ахметов 2014 жылғы 11 қарашадан 2023 жылғы 16 маусымға дейін – Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.