Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:30, 12 Желтоқсан 2023

Дания ханзадасы жоқ «Гамлет»

өндіріс
Фото: из открытых источников

Кембридж экономисі Ха-Джун Чанг индустрияландырусыз дамуды елестету Шекспирдің «Гамлетін» Дания ханзадасынсыз оқумен тең дейді. Өңдеу өнеркәсібінің экономикалық әсерінен өзге бірқатар қосымша әлеуметтік және экологиялық пайдаларын ескерсек, айтылған пікірдің ізімен өнеркәсіпті мемлекеттің инклюзивті және тұрақты дамуының негізі деп сеніммен айтуға болады. Бұған Қытай елінің соңғы екі онжылдықта өңдеуші өнеркәсіп арқылы әлемдік көшбасшыға айналуы дәлел.

Қазақстан үшін өнеркәсіптік өндірістегі ең маңызды сектор жалпы өндірістің 50 пайызын иеленетін тау-кен өндірісі. Ал өңдеу өнеркәсібі 40 пайызды құрайды. Тау-кен өнеркәсібінің ең ірі сегменті елімізде шикі мұнай мен табиғи газ болса, өңдеу өнеркәсібі негізінен металлургия, азық-түлік өндірісіне сүйенеді. Жалпы Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың қазан айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда биыл 7,40 пайызға өскен. Бұл өз кезегінде экономиканың қызуын көтеріп, тынысын тарылтқан 1пандемия дағдарысынан1 кейінгі жақсы көрсеткіш. Әлбетте тұтас мемлекеттің даму қарқыны әр өңірдің өндірістік әлеуетінің оңды игерілуімен байланысты.

Осы тұста құрылғанына 1,5 жыл болса да республикада жоғары көрсеткіштердің біріне ие болып отырған Жетісу облысын атап айтуға болады. Жақында ҚР президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің өңір басшылары қатысуымен өткен арнайы баспасөз мәслихатында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыстың өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі өңдеу секторының үлесі 80%-ға жеткені туралы айтқан еді. Сонымен қоса, облыс құрылғаннан бері 23 жаңа кәсіпорынның іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 5-і кеңейтіліп, нәтижесінде 759 жаңа жұмыс орындары ашылғанын атап өткен. Облыста негізінен ашытқы (уыт), электрлі аккумуляторлар, жоғары вольтты электр тарату желілеріне арналған темір бетонды және металл тіректер өндіріледі.

Ал биыл құны 39 млрд теңге болатын 12 кәсіпорын іске қосылып, 500-ден астам жұмыс орны ашылмақ. Соның ірілері – керамикалық плиталар шығаратын «Алмаз Керамикс» кәсіпорны, күн панельдерін шығаратын «Майами Солар» кәсіпорны және «EcoWattAKA» компаниясының жел электр стансасы. Бұдан өзге қолайлы географиялық орналасуына байланысты облыстағы даму нүктесінің бірі «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен «Қорғас» ХШЫО-да 2030 жылға дейін 52 жобаны іске асыру жалпы көлемі 622 млрд теңге болатын инвестиция тарту жоспарлануда.

Биылғы жылдың 10 айында Жетісу облысында экономиканың өсу қарқыны 112,9% құрады. Бұл республикада жоғарғы көрсеткіштердің бірі.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі

Өткен он айда салалардың ішінде, әсіресе құрылыс жұмыстарының көлемі бір жарым есе ұлғайды, тұрғын үйді пайдалануға беру – 22,6%, сауда 1,6 есе өсті. Жыл басынан бері облыс экономикасына жиырма пайыз өсіммен 240,7 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 143,4 млрд теңге.

Тау-кен саласында да 2 мыңнан астам жұмыс орнын қамтитын құны 1,3 трлн теңге болатын металлургия комбинатының құрылысы жүргізіле бастаған. Оның қуаты жылына 860 мың мыс концентратын өндіруге жетеді.

–Қазіргі кезде құрал-жабдықтар мен тауарларды сақтайтын қоймалар мен басқа да техникалық ғимараттар салынып бітті. Комбинаттың құрылысы 2025 жылы басталып, 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған, – деді спикер.Жалпы облыстың 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфеліне құны 2,2 трлн теңге болатын, 9 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 184 жоба енгізілген.

Мейрамгүл Шакирова, Жетісу облысы кәсіпкерлік басқармасының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы

Бүгінгі таңда Жетісу облысында20 мыңнан астам адамды қамтитын 535 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 14 ірі және 17 орта, қалғандары шағын. Бұдан өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін байқауға болады. Қазіргі таңда облыстыңжалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80%. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіптіңнақты көлем индексі 103,1%-ға жетіп, көлемі 253,5 млрдтеңгені құрады. Ал өңдеу өнеркәсібінде 202 млрд теңгелік өнім өндіріліп, нақты көлем индексі103,9%-ға жетті.Өнеркәсіптің басым салаларының бірітамақ өңдеу өнеркәсібі (өнеркәсіп көлемінде 28%). Салада 70,2 млрд теңгеге өнім өндірілді.

Сондай-ақ облыстың тауар өндірушілері тігін бұйымдарын, құрылыс материалдарын, кабель өткізгіш өнімдерін, аккумуляторларды, металл конструкцияларын, темірбетон бұйымдарын, электр беру желілерінің тіректерін өндіреді.Сонымен қатар металлургиялық кремний өндірісі және темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы игерілген.Облыста экспорттық жеткізуді 12 тауар өндіруші жүзеге асырады. Экспорт бойынша Ресей, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түрікменстан елдерімен сауда серіктестігін жүргізіп отыр.

   Қосқанат Бауыржан

    Жетісу облысы