Данияр Елеусіновтің Головкин туралы жазбасы қоғамда қызу талқыланып жатыр
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Геннадий Головкин туралы жариялаған жазбасын әлеуметтік желідегі сыннан кейін өшіріп тастады.
Спортшы өз парақшасында қазақстандық бокстағы Головкиннің рөлі туралы пікір білдірген. Жазбасында ол GGG-ді нағыз чемпион деп атап, оған құрмет білдірген.
«Келесі болашақ чемпион — жай ғана жұлдыз емес. Бізде чемпиондар көп болған. Бірақ олар GGG сияқты жұлдыз болғысы келмеді. Қазақ халқы өз ұлтынан емес жұлдыздарды көбірек жақсы көреді. Себебі олар қызғаншақ. Бірақ GGG – нағыз чемпион. Мен оны құрметтеймін», — деп жазған Елеусінов.

Алайда спортшының бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігінің наразылығын тудырды. Әсіресе оның қазақ халқы туралы айтқан пікірі сынға ұшырады. Пікірлерде қызу талқылау басталып, біреулер боксшының көзқарасын қолдаса, енді біреулер мұндай баға берумен келіспейтінін айтты.
Сын күшейгеннен кейін Елеусінов әлеуметтік желідегі жазбасын өшіріп тастаған.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов – 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының алтын жүлдегері.
Бұған дейін Қарағанды қаласының тұрғындары Олимпиада чемпионының жұбайын шабуыл жасап, дене жарақатын салды деп айыптаған болатын.