Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:52, 25 Желтоқсан 2023

Дәрігерлер Алматыда адам өлімімен аяқталған жол апатында зардап шеккендердің жағдайын айтты

дәрігер
Фото: из открытых источников

Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, денсаулық сақтау басқармасы тың ақпаратпен бөлісті, деп жазды Zhasalash.kz.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының соңғы мәліметі бойынша, Райымбек даңғылында автобустың қатысуымен болған жол апатынан үш адам ауруханада жатыр. 

36 жастағы автобус жүргізушісі жабық бассүйек жарақаты мен бетінің жұмсақ тіндерінің көгеруі бойынша нейрохирургия бөлімінде емделіп жатыр. Дәрігерлер әйелдің жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

50 жастағы әйелдің жағдайы ауыр, сынықпен жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір ол политравматология бөліміне ауыстырылды. Тағы бір зардап шеккен 55 жастағы ер адам нейрохирургия бөлімінде емделіп жатыр. Оған бассүйек миының жабық жарақаты, мидың жеңіл контузиясы, жұмсақ тіндердің көгерген жарақаты диагнозы қойылды. Бұл науқастың да жағдайы тұрақты.

Сонымен қатар, жол апатынан зардап шеккен кәмелетке толмаған балаға сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылып, амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Райымбек даңғылында жол апаты орын алып, автобус бір топ адамды қағып кетті. Жедел жәрдем келгенше үш адам қаза тауып, төртеуі жараланған. Оқиғаға кінәлі екі айға қамауға алынды.