Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалаудың тағы 11 дерегі анықталды

Шымкентте медициналық препараттарды заңсыз саудалаудың 11дерегі анықталды.
Бұлжөнінде Шымкент қалалық прокуратурасының өкілдері мәлімдеді.
Шымкент қаласыныңпрокуратурасы полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, тауарлар менқызметтердің сапасын бақылау департаменттері және прокуратура қызметкерлеріненмобильдік топ құрылған. Мобильдік топтың тексеруі барысында азаматтардың медициналықпрепараттарды заңсыз сатуының 11 дерегі жәнедәріханалардың дәрілік заттарды заңсыз өткізуінің 7 дерегі анықталды.
Оныңішінде 14 дерек Қылмыстық кодекстің 214-бабымен (заңсыз кәсіпкерлік) тіркеліп,тергеп тексеру жүргізілуде.
Жалпысомасы 16,5 млн. теңге болатын 22 мыңнан астам дәрілік препараттар айналымнаншығарылды.Барлық кінәлі тұлғаларға қатысты заңда қарастырылған жауапкершілікке тартубойынша шаралар қолданылуда.
Қалапрокурорының төрағалығымен дәрілік препараттарды заңсыз өткізу мәселелерінеқатысты мәжіліс өткізіліп, мобильдік топтың жұмысын жандандыру жөнінде бірқатаршешімдер қабылданды.Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.