Дәрі компаниялары тапсырыстарын бес есеге арттырды

Шымкентте фармацевтикалықкомпаниялар өздерінің тапсырыстарын бес есеге арттырды.
Бұл туралы Шымкентқаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жуырда қала әкіміМұрат Әйтенов дәрі-дәрмек шығаратын өндіріс орнында болып, қаланы дәрімен қамтумүмкіндігін бағамдап көрді«SANTO» дәрі-дәрмекзауытына барған әкім өндіріс цехтарын аралады. Мұнда инъекциялық ерітінділермен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше,түйіршіктер), антибиотик ұнтақтары, стерильді емесерітінділер шығарылады.«830 қызметкер тәулік бойы төрт ауысымда жұмысістеуде. Өнімнің 70 пайызы көтерме, 30 пайызы бөлшек бағада сатылуда» — дедікомпанияның өндіріс жөніндегі директоры Светлана Майорская.Қала басшысы «Ақниет», «Зерде» дәрілік заттар қоймасына да барды. Қойма меңгерушілері қаладағы жүз шақты дәріханаға екі мезгіл дәрі жеткізіпотырғанын мәлім етті. Дистрибьютерлер қоймаларға күніне 2-3 көлік дәрі-дәрмекәкелінетінін жеткізді.«Төртінші категориядағы вирусқа қарсы дәрілергесұраныс жоғарылады. Сондықтан компаниялардың тапсырысын 5 есеге арттырдық.Қазіргі таңда 15 көлік, 5 вагон дәрі-дәрмек жолда келе жатыр. Парацетамолдың50-ге тарта аналогтік түрі дәріханаларда бар. Көрші аймақтардан, мәселен Тараз,Қызылорда, Түркістан облыстарынан сұраныс көптеп түсуде екен. Ең біріншіШымкент қаласын толығымен қамтып болған соң ғана, өзге қалаларға жіберілетінболады», — деді «Зерде-Фито» НПО ЖШС-ның басшылары.Мамандардың айтуынша, дәрі таусылып қаладыдеген қорқынышпен шамадан тыс көп дәрі алып, үйде сақтай берудің қажеттілігіжоқ. Дәрі жеткілікті. Әрбір дәрінің сақтау мерзімі мен шарттары бар. Онықолданбаса адам организміне кері әсерін береді.Барлық жағдаймен таныс болған МұратДүйсенбекұлы дәрілердің жеткізілуінде ешбір кедергілер орын алмауын тапсырды.