Дариға Назарбаева баласының қазасына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның Тұңғыш Президентініңқызы және ҚР Парламенті Сенатының экс-төрағасы Дариға Назарбаева көпшіліктен өзотбасының қайғысына түсінікпен қарауды сұрады.
«Менің отбасым сүйікті балам — Айсұлтанның қайтыс болуына байланысты қайғы жұтып, қара жамылып отыр.Қымбаттымыздан айрылып, орны толмас шығынға ұшырап, басқа түскен осындай қиынкүнде көпшілік бізге түсіністікпен қарап, құрмет танытады деп сенеміз», — деді Дариға Назарбаева.
16 тамыз күні Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтысболды,
Алдын ала дерек бойынша, оның жүрегі ұстап қалған. Басқа мәліметтер айтылмайды.
10 күннен кейін Айсұлтан Рахатұлы 30жасқа толар еді.
Zakon.kz редакциясы ұжымы марқұмныңотбасына шын жүректен қайғырып көңіл айтады.
АйсұлтанНазарбаев - Қазақстанның ТұңғышПрезиденті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі.
Ол 1990 жылы 26 тамызда ҚазақстанПрезидентінің үлкен қызы — Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің отбасындадүниеге келді.
ОлАстанадағы «Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде», сондай-ақАвстрияның «American International School» мектеп-пансионындаоқыды. 2010 жылы Сандхерсттегі британдық корольдік әскери академиясынбітірген. 2012 жылы ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Басбарлау басқармасында жұмыс істеді, онда бір жыл қызмет етті.
ОлАвстрияда әкесі елші болып жүргенде «Адмира Ваккер» клубындафутболмен айналыса бастады. 2006 жылы ол Қазақстанның бірінші лигасына қатысып, астаналық«Рахат» клубы құрамында екі матч өткізді, 2007 жылы Алма-Ата«Железнодорожник» ФК құрамында болды. 2006 жылы футболдан жастарарасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Біраз уақытБританияның «Портсмут» құрамында өнер көрсетуге тырысты.