Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:11, 13 Шілде 2020

Дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған әжейді аман алып қалды

Өкпесіндегі дерті асқынған шымкенттік  әжей Галина Хрущева 26 маусымда қалалық №1клиникалық ауруханаға ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілген.

Дәрігерлер егде жастағы кісіге “Пневмония” диагнозынқойған.

Қарт кісіні тексере келе мамандар оныңөкпесінің 90 пайызы зақымданғанын анықтайды. Бұған қоса науқастың өкпесінен қанкеткен.

Денсаулық жағдайының ауырлауына байланыстыдәрігерлер әжейді 30 маусым күні жансақтау бөліміне ауыстырады. Жансақтаубөлімінде науқасқа COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмеккөрсетіледі.

Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып,06.07.2020 жылы ауруханадан шығарылды.

Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргіжағдайы жақсы дейді. Ал әжей өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарынаалғысын білдірді.

«Барлық медицина мамандарына алғысайтамын! Әрдайым сақтанып жүріңіздер”, — дейді 82 жастағы Галина Хрущева.

Тегтер: