Дәрігерлер онлайн кеңес береді

Шымкенттің біліктідәрігерлері 1430.kz сайты арқылы онлайн тегін кеңес беруге көшті.
Аталмыш сайтқа жергілікті емханалардың жалпытәжірибелік дәрігерлері тіркеліп, қызмет көрсетуге дайын. Олар желі арқылынауқасқа кеңес беріп, алғашқы медициналық көмекті көрсететін болады.
Бұл үшін 1430.kzпорталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылужеткілікті. Яғни, қала тұрғыны сайтқа өзінің атымен, логинімен тіркеледі. Сосынтиісті дәрігерін тапқан соң, бос уақытына сай онлайн кеңеске жазылады. Онлайнкеңес уақытына 10 минут қалғанда дәрігер мен пациентке консультация күтіп тұрғандығы туралы смсхабарлама келеді.
Емханалардағыжалпы тәжірибелік және мамандандырылған дәрігерлер, оның ішінде хирург,травмотолог, уролог, гинеколог сынды жетпіске жуық маман бүгінде аталған сайтқатіркелген.
Онлайн қызмет елімізде телемедицинаны дамытубойынша қолға алынған Start-Up жобалардың бірі. Бұл тәжірибе бұған дейінНұрсұлтан мен Алматы қалаларында жүзеге аса бастаған