Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:16, 28 Мамыр 2020

Дәрігерлердің жанайқайы: Оны еститін құлақ бар ма?

Алматыда Орталық қалалық клиникалықаурухананың тәжтажалдан айыққан дәрігерлері үйреншікті жұмыс орнына орала алмады.

Аталмыш емдеу мекемесінің қытайвирусты емдейтін инфекциялық стационар болыпқайта құрылуы салдарынан көптеген тар шеңберлі мамандық иелері, атап айтқандагинекологтар, окулистер, хирургтар, травматологтар және тағы басқалары жұмыссызқалды. Бұл туралы орталық ауруханадағы гинекология бөлімшесінің меңгерушісіГауһар Әміреева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.  «Бізге осы қауіпті дерттен айығу үшін біржарым ай қажет болды. Алайда, өкінішке қарай, барлығымыз бірдей оған қолжеткізе алмадық. Өліммен аяқталған қайғылы жағдайлар статистикасын өзіміз көпжылдан бері танитын, бағалайтын бір қызметкеріміз толықтырды. Біз бір жарым ай инфекциялық ауруханаларда арнайы  ем қабылдап, күн сайын теріс нәтиже келіпқалар деп үміттендік,  соны  тағатсыздана күттік. Қалыпты өмірге тезірек оралып,коронавирус инфекциясына қарсы күрес жүргізіп жатқан әріптестеріміздің қатарынтолықтыруға асықтық. Ал ауруханадан шыққан біз қандай жағдайға тап болдық?Сөйтсек, бізді күтіп отырған ешкім жоқ екен. Біздің көптеген әріптестерімізгежұмыс орны да табылмады. Өйткені тиісті бұйрық шығарылмастан, санаулы күнніңішінде біздің аурухананы қауіпті инфекцияны емдейтін стационарға лайықтапжіберіпті. Соның салдарынан көптеген мамандар қажетсіз болып қалды. Қазірбіздің окулистер, гинекологтар, хирургтар, травматологтар және тағы басқамамандарымыз жұмыссыз, ақшасыз, күнкөріске қажетті қаражатсыз қалды», – дейдіашынған дәрігер.

   Әмірееваның айтуынша,аурухана әкімшілігі мен денсаулық сақтау басқармасының басшылығы байланысқашығар емес, дәрігерлер өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап таба алмай,мең-зең күй кешуде. Қалыптасқан жағдайға кімнің кінәлі және ары қарай неістеу керек екенін анықтау жөніндегі уәделер бос сөз күйінде қалуда. Уәдеетілген комиссия мен оның жұмысының қорытындылары әлдеқашан шығарылып, құпиякүйінде жатыр не болмаса мүлдем құрылған да, жұмыс істеген де жоқ сыңайлы. «Қазіркім айта алады, сол бақылау комиссиясы, оның жұмысының нәтижесі қайда, біз негеөзіміздің аурухананың табалдырығын тоздырып, жабық есіктерді қағуға тиіспіз? Өтемақымәселесі де жабулы күйінде қалды. Сонда біз деніміз сау, жұмысқа қабілеттіболған кезде ұйқыны, отбасын ұмытып, тәулік бойы жұмыс істегенде барлығынақажет болдық та, ал енді өзіміз көмекке мұқтаж болғанда мемлекет бізді сыртқатеппек пе?! Медиктер өте шыдамды және еңбекқор халық, біздау-дамай ашып, осындай қиын-қыстау кезеңде ел назарын өзімізге аударуғаұмтылудан аулақпыз, бірақ орын алып отырған жайт біздің басымыздағы жағдайтуралы әлеуметтік желіге жазуға мәжбүрлеп отыр. Біздің сұрақтарымызға жауапберіңіздер, бізге диалог қажет. Лауазымды тұлғалардан тиісті шаралар қолданудысұраймыз», – дейді сөзін тәмамдаған дәрігер.

   Алматы қаласы қоғамдық денсаулықсақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, «Орталық қалалық клиникалық ауруханада(ОҚКА) штаттық кестеге сәйкес, 1037 қызметкер еңбек етеді, олардың ішінде 852адам – медициналық персонал (дәрігерлер – 248, медбикелер – 368, санитарлар –236). Қазіргі таңда ОҚКА-да инфекциялық стационарда жұмыс істеуге келіскен 239қызметкер еңбек етуде, олар сәуірдің соңынан, яғни үйдегі карантиннен шыққаннанбері (дертті жұқтыртпаған және дертке шалдыққандармен байланыста болғанқызметкерлер), кезең-кезеңмен жұмысқа шығып жүрді. Олар жатын орынмен, көлікпенжәне тамақтанумен қамтамасыз етілген.

  Қоғам белсендісі, дәрігер Қайырғали Конеевтіңайтуынша, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының істеп отырғанәрекеті ақылға қонбайды. Медицина қызметкерлерін қорғаудың орнына басқармабасшылығының не істеп отырғанын адам түсінбейді. Мемлекет басшысыныңкоронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу туралы уәдесінайтпағанда, Еңбек кодексі бар, міне, сол құжатқа сәйкес, жұмыс беруші жоқдегенде ең төменгі жәрдемақы төлеуге міндетті. Қоғамдық денсаулықты сақтаубасқармасы тарапынан әлеуетті жұмыс беруші, ОҚКА жұмысын бақылайтын өкілеттіорган ретінде осы талап көпе-көрінеу бұзылып отыр. Осы орайда, медицинақызметкерлері өздерінің құқықтарын қорғауға мәжбүр. Медициналық биліктіңосындай әрекеттері біздің басымызды қосып, ынтымағымызды арттыра түсуде. «Меніңойымша, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғайтын коалицияны құратынкүннің ауылы алыс емес сыңайлы. Қазір медицина қызметкерлері өздерініңқұқықтарын ешкімнің қорғамайтынына көз жеткізіп отыр. Сондықтан болашақта оларосы мәселені шешудің жолдарын өздері іздейді. ОҚКА-да орын алған жағдай біздің денсаулықсақтау саласының трагедиясы. Медицина қызметкерлері мұндай көп мөлшерде дертжұқтырмауы керек болатын. Бұл санитарлық қызмет, жалпы, денсаулық сақтаубасқармасы тарапынан жіберілген өрескел қателік. Міне, осы кемшіліктен біздұрыс сабақ алуымыз керек. Мәселе – біреуді жазалап, тұқыртуда емес, болашақтаосындай кемшіліктерге жол бермеуде», – дейді қоғам белсендісі.

  25 мамырда Алматы қаласы әкімінің орынбасарыЕржан Бабақұмаров қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевпенбірге Орталық қалалық клиникалық аурухана ұжымымен бейне-конференц-байланысрежимінде кездесу өткізді. Аталмыш кездесуге бөлім меңгерушілері мен мекемедиректорының орынбасарын қосқанда, шамамен 30 адамдай қатысты.

  Басқосу барысында жұмысқа орналастыру, коронавирусқақарсы күреске тартылған және аталмыш инфекцияны жұқтырған медицинақызметкерлеріне қосымша өтемақы төлеуді жүзеге асыру барысы жөніндегі  еңбек ұжымы көтерген мәселелер қарастырылды.ОҚКА бас дәрігері орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Гүлнар Құлқаеваныңағымдағы ахуал жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Мәселен, қазіргі таңда 10қызметкер өз еркімен жұмыстан шыққан. 1 маусымға дейін қауіпті дерттен айыққан143 қызметкер жұмысқа орналасуды күтіп отыр, ал маусымның 1-інен 15-іне дейінқалған қызметкерлер де жұмысқа шығуға дайын.

   Кездесуге қатысушылар карантин режиміаясында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қоғамдық денсаулық сақтаубасқармасы  тарапынан еңбек құқығын оданары реттеу шаралары жөніндегі тәсілдемелерді талқылады.  ОҚКА қызметкерлері үшін сағатпен жұмыс істеукестесі белгіленген жансақтау бөлімі қызметкерлерін қоспағанда, 15 күннентұратын вахталық жұмыс әдісі белгіленді.

 Бұдан бөлек, ОҚКА қызметкерлерін №4 ҚКА-ға, №7ҚКА-ға, жедел жәрдемнің қалалық клиникалық ауруханасындағы бос лауазымдарғанеғұрлым көбірек жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету қарастырылатын болады.Атап айтарлығы, ОҚКА-ның жұмысқа орналастырылмаған қызметкерлеріне өндірістікіркіліс мерзіміне жергілікті бюджет есебінен орташа айлық еңбекақы төлеужоспарланған.

  Үстеме өтемақы төлеу мәселесі бойынша арнайыжұмыс тобы құрылды, тізімдер дайындалып, жақын уақытта денсаулық сақтауминистрлігінің арнайы тобы зерттеулерінің ресми қорытындылары күтілуде. Солнәтижелерді ескере отырып, аталмыш мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылданатынболады.

Қайрат МАТРЕКОВ,

«Жас Алаш»

Тегтер: