Дәрілердің бағасына зерделеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент дәріханаларын тиісті дәріменқамтамасыз ету мақсатында көрші елдердегі фармкомпаниялармен 10 миллион АҚШдоллары болатын дәрі-дәрмек алуға келісімшарт жасалды.
Бұл туралы Шымкентқаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бөлек, қаладағы сегіз фармкомпанияғашетелден біржолғы тасымалмен дәрі әкелу бойынша рұқсат беріліп отыр. Қазіргітаңда Украина елінен дәрілердің алғашқы легі ұшақпен Алматыға келді. Енді жүккөлігімен Шымкентке жеткізіледі. Осылайша, қаладағы дәріге деген тапшылықтышешу жағы қарастырылып жатыр. Қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдыңайтуынша, пневмония мен ЖРВИ-ға байланысты халық арасында сұранысқа ие«левофлоксацин» препаратының 1 млн 600 мың флаконы, 414 мың флакон«цефтриаксон», 100 мың қорап «дексаметазон» және 200 мың қорап «аскарбинқышқылы» сынды 20-дан аса қажетті дәрілерді алу бойынша келісімшарт түзілді.
Бүгінгітаңда Шымкент қаласында тіркелген 560 дәріханада бір айлық дәрі-дәрмек қорыбар. Онда дене қызуын төмендететін препарат, вирусқа қарсы препараттар менантибиотиктер және «С» дәрумендері бар.
Қалаәкімінің бірінші орынбасары, сондай-ақ, дәрінің бағасын бақылау мақсатындақұрылған төрт мониторингтік топ бүгінде 167 дәріханада болып, халық сұранысындағыдәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеужұмыстарын жүргізгенін айтты. Нәтижесінде 50-ден аса заңбұзушылық анықталып,оның 10-на қылмыстық іс қозғалған.