Дәріні қымбат бағаға сатқандар ұсталды
Шымкент қаласының Полиция департаменті дәрі-дәрмектердіжоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау мақсатындажедел-профилактикалық іс-шара жүргізді.
Нәтижесінде6 шілдеде оншақты заңсыз сату анықталды.
Әлімқұлов көшесінде 3 қойманы тексергендеиесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсеткен. Алайдамамандар бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны, ал қоймаларда дәрі-дәрмектерзаңсыз сақталғанын анықтады. Фармацевттер қоймада анықталған дәрі-дәрмекті 3топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.
Бірінші топ – ҚР аумағында тіркелмеген жәнесатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар «Конвулекс», «Энцефобол», «Алоээкстракт инъекция үшін» және тағы басқалар.
Екінші топ — респираторлық вирустық аурулардыемдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар «ЦЕФ 3»,«Цефтриаксон», «Ингавирин», «Гордокс», «Дексаметазон» және тағы басқалар.
Үшінші топ – ҚР-да медицинасында тіркеудетұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар «Депакин», «Методжект»және тағы басқалар.
Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердіңсақталу талаптары өрескел бұзылғаны, дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып,адам өміріне қауіпті екені анықталды. Және қойманың бет жағында дәріхананыбелгілейтін жарнамасы жоқ.
Барлық 229 дәрі-дәрмектің түрі айғақ затретінде тәркіленді. Айта кету керек, арнайы құрылған мониторингтік топпен екікүн ішінде дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 50-ден астам жағдайы тіркелген.
-Барлықанықталған деректер бойынша заң бұзған азаматтар жауапқа тартылатын болады,-делінгенШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.