12:37, 13 Қазан 2023
«Денесі бағанада жабысып қалған»: Алматыда жұмысшыны тоқ соқты
Аталған оқиғаға қатысты Түрксіб аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
Алматыда «Атмосфера» тұрғын үй кешенінде электр бағанында жұмыс істеп жатқан жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты.
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаға сәйкес, электр маманының арнайы құрал-жабдықтары болмағаны анықталды. Тоқ қуатының жоғары болуы салдарынан жұмысшының денесі бағанаға жабысып, оқиға орнында көз жұмған.
«Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастадық, тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайы анықталып жатыр», - делінген қалалық ПД хабарламасында.