Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:19, 19 Наурыз 2020

Денсаулық басқармасы: Науқастардың бірінің жағдайы - орташа ауыр

None
None

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, коронавирус табылған бір науқастың жағдайы — орташа ауыр, ол созылмалы өкпе ауруына ұшыраған.

"Бұл науқас коронавирус инфекциясына байланысты бізде бірнеше күн емделген. Оның анықтамасында обструктивті бронхит бар деп жазылған. Ол үнемі жөтелетінін айтып, шағымданады. Бұл ауру белгісі деп санаймыз және оның жағдайын орташа ауыр деп бағалаймыз" деді ол.

Қалған 18 науқастың жағдайы орташа. Олардың 16-ы — қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, екі бала және бір баланың анасы (одан да коронавирус табылған) балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

19 наурызда денсаулық сақтау министрлігі Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған болатын. Әбілдаевтың айтуынша, 1979 жылғы Ресей азаматы 15 наурызда Краснодар — Мәскеу — Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Коронавирус табылған адамның жанында болған жолаушы ретінде карантинде болған. Анализ тапсырғаннан кейін диагнозы расталып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. "Ол осында емделеді" деді Тілеухан Әбілдаев.

19 наурыз түс кезіндегі дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37-ке жеткен. Олардың 19-ы — Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр.

Бұл екі қалада 19 наурыздан бастап карантин жарияланып, қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурызда жолаушылар пойызы, ішкі рейстер тоқтайды.

Әбілдаевтың айтуынша, 14 күндік карантині бітіп, үйіне қайтуды жоспарлаған қалада тұрмайтын азаматтарға қаладан шығуға жеке рұқсат берілуі мүмкін.

Коронавирус туралы соңғы ақпараттымына сілтеме арқылы оқып, біле аласыздар.

Видео: "Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз"

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=""Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз"" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> &amp;quot;Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз&amp;quot; please wait Embed Бөлісіңіз
"Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз"
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30495222.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:00:44 0:00 Жүктеп алу
Тегтер: