Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:22, 01 Сәуір 2020

Денсаулық басқармасы: Қармақшы және Шиелі аудандарында коронавирус табылды

None
None

1 сәуірде Қызылорда облысында коронавирус жұққан 6 адам анықталды деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметовке сілтеме жасаған ресми ақпарат тарататын kyzylorda-news.

kz сайты. Денсаулық сақтау министрлігі кейінірек ақпаратты растады.

"Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 24 адамға жетті. Олардың екеуі – Қармақшы ауданында, екеуі Жаңақорған ауданында, біреуі – Шиелі, ал алтыншысы – Қызылорда қаласында тіркелді. Қармақшы ауданындағы бір науқас Алматы қаласынан келген. Екінші науқас анықталып жатыр. Жаңақорған ауданындағы екі адам да осы инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Шиелі ауданында да осындай жағдай, яғни, бұрын ауырған науқаспен тығыз байланыста болған. Ал Қызылорда қаласында анықталған адам облыста ең бірінші анықталған науқаспен қарым-қатынаста, тығыз байланыста болған, – деді Жақсылық Әбдісәметов.

Соңғы екі күнде Қызылорда облысында науқастар саны күрт көбейген. 30 наурызда Қызылорда облысында 5 науқас болған, ертесінде олардың саны 18-ге жетті. Қазір тағы алты адамнан анықталған. Барлығы 24 науқас емделіп жатыр.

1 сәуірде Қарағандыда коронавирустан бір адам қайтыс болды. Қазақстанда барлығы үш адам вирустан көз жұмды. Науқастардың жалпы саны 369-ға жетті.

Қарай отырыңыз: Карантин көп балалы шаңыраққа қалай әсер етті?

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Карантин көп балалы шаңыраққа қалай әсер етті?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Карантин көп балалы шаңыраққа қалай әсер етті? please wait Embed Бөлісіңіз
Карантин көп балалы шаңыраққа қалай әсер етті?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30518367.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00 Жүктеп алу
Тегтер: