Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:18, 22 Қаңтар 2024

Депутат Айдос Сарымға 2070 жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынды

Айдос Сарым
Фото: из открытых источников

Депутат Айдос Сарымға 2070-жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынды. Бұл туралы депутат telegram арнасында мәлімдеді. Оның айтуынша, оған Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінен хабарлама келген, деп жазды zhasalash.kz.

 

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым ресейлік тележүргізушінің атышулы жазбаларынан кейін Қазақстанға кіргізілмейтіні туралы хабарға пікір білдірді.

«Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакиді Қазақстанға кірмейтін тұлға деп жариялады. Бұл дұрыс. Оған сөзді де, эмоцияны да жұмсаудың қажеті жоқ. Өз-өзімізді құрметтей білуіміз керек.

Мен де 2070 жылға дейін Ресейдегі non grata тұлғасымын. ФСБ-дан шекарадан өткен жағдайда 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға ұшырауым мүмкін екені туралы хабарлама алдым! Беларусь бойынша да сол. Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ, - деп жазады депутат.