Деструктивті көзқарас ұстанушылармен теологтар мен психологтар жұмыс жасауда

Діни саланы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрды. Бүгінгітаңда елімізде 18 конфессияны білдіретін 3715 діни бірлестік ресми тіркелгенжәне өз қызметін заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
Сондай-ақ, діни саланыреттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді,атап айтқанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діниқызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы» заң жобасы 12 заң актілеріне 53 өзгертулер енгізуді қарастырады.Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Парламентінде талқылануда.
Тиісті ведомствоның осы бағыттағы тағы бір маңызды қадамы 2017-2020жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырутұжырымдамасын әзірлеуі болды. Ол мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардыжетілдіруге, мемлекеттің зайырлы негіздерін дамытуға және дінді деструктивтімақсатта пайдаланудың алдын алуға бағытталған.
«Дінтану конгресі» үкіметтік емес ұйымының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі Серікбол Билялов:
— Біздің еліміз үшін діни экстремизм мен терроризм тақырыбы 2000жылдардың басында өзекті болабастады. Ол уақытқа дейін олбелгілі бір қауіп төндірмеді, сондықтан сәйкес бағдарламалардың қажеттілігі болмады. Діниэкстремизм мен терроризм бүкіл әлемде өршіп тұрған кезде, Қазақстан«тұрақтылықтың аралы» бола алмайтыны түсінікті, — дейді.
Алғашқы дабыл сигналдары қазақстандықтардың бір тобының Ауғанстан менПәкістан аумағында, оның ішінде Кавказдағы лаңкестік топтардың құрамына кіруіболды. Сирия мен Иракта ИГИЛ халықаралық террористік ұйымының пайда болуымен олар күшейе түсті.
Осы және басқа да қауіптерді ескере отырып, Қазақстан халықтың радикалдануыныңодан әрі өсуіне және қазақстандықтардың террористік әрекеттерге тартылуына жолбермеу үшін бірқатар шаралар қабылдауға кірісті. Барлық мемлекеттік органдардыңкүш-жігерінің арқасында 2013-2017 жылдарға арналған Діни экстремизм ментерроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындалып,бекітілді. Ол аяқталғаннан кейін келесі төрт жылға арналған жаңа бағдарламаныәзірлеу туралы шешім қабылданды.
Алдымен көптеген сарапшылар бұл құжаттың сәттілігіне күмәнмен қараған болатын, бірақ уақыт оның маңыздылығы мен тиімділігін көрсетті. 2018-2022жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде ескімемлекеттік бағдарламаның қателіктері мен кемшіліктері ескеріліп өтті.
Руслан Қайыргелди, Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік дамудепартаменті жанындағы Консультациялық-оңалту орталығының жетекшісі:
— Әрине, оңалтудан кейінол бағытқа қайта бармайды деген кепілдік жоқ. Деседе, өз салаларындағы кәсіпқойлар – теологтар мен психологтармен жұмыс істейді,және олар адамды шынымен қалпына келтіруге тырысқандықтан, кейбір кепілдемелерберуге тырысады. Сонымен қатар, жұмыс тек қана бұрынғы деструктивтікөзқарастарды зерттеп жүрген адамдармен ғана емес, сонымен бірге олардың ауырсынақтарға ұшыраған отбасыларымен де, жақын адамдарымен де, яғни мұндай жағдайдыңболмауын қаламайтындармен жүргізіледі.Біз жақсынәрседен үміт күтеміз және адамды тәрбиелеу,оның жағымды мәртебесін қалпына келтіру, оны әлеуметтендіруге итермелеу жәнеқоғамның игілігі үшін игі істер жасау дұрыс деп сенеміз. Әрине, ерекшеліктер бар, бірақ көптеген жағдайларда бұлбірден жазаны қолданғаннан гөрі жақсы. Біздің мемлекет ізгілік саясатынұстанады және мұндай адамдарға екінші мүмкіндік беруге дайын. Мұны бағалаукерек.
Еркежан АРЫН