Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 30 Қазан 2019

Ділманов: Шекараны заңсыз кесіп өтуге байланысты бөлім командирі қызметінен шеттетілді

None
None

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Шығыс Қазақстан облысында "заңсыз шекараны кесіп өту" жағдайына байланысты бірқатар лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

— Арнайы тергеу өтті. Кінәлілер жазаланады. Сарбаздар емес, бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Нақты санын айта алмаймын. [Зайсан шекаралық отрядында] Бөлім командирі қызметінен шеттетілді, — деді 30 қазанда Нұр-Сұлтанда журналистер сұрақтарына жауап берген Дархан Ділманов.

Мұндай жағдайдың "өте сирек" кездесетінін айтқан Ділманов "заңбұзушылықтың болуына" адам факторы да әсер еткенін айтты.

— Кемшілік болды, бірақ оны жойдық… Көрші әріптестерімізді кінәлап жатқанымыз дұрыс болмас. Бірақ болған оқиғаға қарағанда олар да бір қателік жіберіп алған сияқты, — деді ол.

Бұған дейін Шыңжаң өлкесінде туып өскен этникалық қазақтар 30 жастағыҚастер Мұсаханұлы мен 25 жастағы Мұрагер Әлімұлының "шекарадан заңсыз өтіп" Қазақстанға келгені туралы ақпарат шыққан еді. 14 қазанда Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы "саяси лагерьде қамауда болғанын", Мұрагер Әлімұлы Қытайда "қысым көргенін" айтқан еді.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=""Баламды тастап келдім". ҰҚК Қытайдан қашқан екі қазақты ұстады" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> &amp;quot;Баламды тастап келдім&amp;quot;. ҰҚК Қытайдан қашқан екі қазақты ұстады please wait Embed Бөлісіңіз
"Баламды тастап келдім". ҰҚК Қытайдан қашқан екі қазақты ұстады
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30215951.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00 Жүктеп алу

Дәл осы күні ҰҚК оларды "шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айыппен қамауға алып, ертесінде ШҚО-ға алып кеткен.

Оның адвокаты Ләззат Ахатованың айтуынша, жақын арада Шығыс Қазақстан облыстық көші-қон полициясы оларға "пана іздеуші" мәртебесін беру мәселесін қарап, куәлік беруі тиіс. Оның түсіндіруінше, "пана іздеуші" — Босқын мәртебесін беру мәселесі қаралғанға дейін берілетін аралық статус. Ол әдетте үш айға беріліп, оны үш рет создыртуға мүмкіндік болады.

— Міндетті түрде берілетін статус қой. Әзірге пана іздеуші куәлігі берілген жоқ. Алдағы уақытта бұл мәселе қаралады, — деді ол 30 қазанда Азаттық тілшісіне.

Азаттық ШҚО көші-қон полициясына хабарласқанмен нақты жауап ала алмады. Ләззат Ахатованың айтуынша, бұған дейін АҚШ консулдығы "екі жігітті Қытайға қайтартпас үшін атсалысамыз" деп оларға қолдау білдірген. Ахатованың айтуынша, ұсталардан бір күн бұрын — 13 қазанда екі жігіт адвокаттарымен ақылдасып, Алматыдағы АҚШ консулдығына барып көмек сұраған.

— Олар консулдың өзімен кездескен. Консулдық екі жігітті Қытайға қайтартпауға атсалысамыз деп айтқан. Олар қалай болар екен деп мәселені бақылап отыр. Консулдық өкілдері кеше маған да хабарласты. Олар менен босқын мәртебесі қашан қаралады деп сұрады. Негізі босқын мәртебесі бірден қарала салмайды ғой деп айттым. Алдымен пана іздеуші куәлігі беріледі. Сосын қылмыстық іс біткеннен кейін қарайтын шығар, — деді ол.

Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлының тағдырына алаңдаған бір топ белсенді қазанның 29-ы күні Нұр-Сұлтанда арнайы баспасөз жиынын өткізіп, биліктен оларға босқын мәртебесін беруін сұраған.

ҰҚК шекара қызметі Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлының үстінен Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-бөлігі, яғни "Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өту" бабымен қозғалған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Екеуі қазір Өскемендегі уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр.

Тегтер: