Діни экстремизмнің алдын қалай аламыз?
Діни экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде, олар дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданады.
Дін және оның құндылықтарымен бүркемеленген уағызшылар адамзат қауымдастықтары арасында алауыздық пен өшпенділік туғызып, әлемдегі тыныштықты бұзуы мүмкін.
Діни экстремизм дiни өшпендiлiк пен алауыздықты, атап айтқанда зорлық-зомбылыққа үгіттеу арқылы халық арасындағы алауыздықты қоздырады, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануы мүмкін. Терроризм бұқаралық және саяси маңызды құбылыс ретінде қоғамда жекелеген топтардың мемлекеттің заңдылығы мен құқығына күмән келтіруімен және сол арқылы өздерінің мақсаттарына жету үшін террорды қолданатын қауіпті әрекеттерді ақтап алады. Терроризм – қазіргі жаһанданушы заман қатерлерінің бірі, ол өзінің формалары мен көріністерінің ауқымдылығы және жиілігінен, адамзатқа қарсылығы мен қаталдығы тұрғысынан әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында терроризм қатерінің өрши түсуі жағдайларындағы мемлекеттің қауіпсіздік ахуалы әлемнің дамыған елдердің бірі ретіндегі одан әрі дамуы мен қалыптасуы оның күші мен қабілеттігінің өлшемі болып белгіленді. Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістер ұлттық қауіпсіздік саласында неғұрлым түрлене бастаған және үлкен қауіптілік көздері тарапынан болатын сындар мен тәуекелдердің жаңа спектрін бастамашылдық етеді. Осымен діни экстремизм мен терроризм қатерлерінің жүйелі алдын алу аясындағы міндеттердің күрделілігі мен өзектілігі негізделген.
Осы жағдайларда қолданыстағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесі жеке адамды, қоғамды және мемлекетті экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қатерінен сенімді қорғау тетігін құру аясында одан әрі жетілдіруді қажет етеді. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1-тармақшасының нұсқауымен үшінші бағдарламаның үшінші бесжылдығына қадам басты. Бағдарламаны әзірлеу кезінде Норвегияның, Финляндияның, Канаданың, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің оң тәжірбиесі зерделенді және назарға алынды. Осы елдердің жасағандарын ескере отырып, Бағдарлама экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністері мен терроризмге, радикалдық көзқарастардың ұстанушыларына мақсатты түрде қарсы тұруға бағытталған. Бағдарламада дін мен радикалдану теңестірілмейді, бұл мемлекеттің, қоғам мен діни бірлестіктердің дінге тиесілігіне қарамастан, экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимылда бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді. Адамдардың радикалдану дәрежесіне байланысты діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу түрлері мен әдістері жіктелді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға үкіметтік емес сектордың мүмкіндіктерін белсенді түрде тарту үшін жағдай жасалды. «Хедая» зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық орталықтың ұсынымдарын ескеріп, бағдарламада нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің шынайы қол жеткізілетін коэффициенттері белгіленді. Сонымен қатар осы бағдарлама аясында оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерде діни экстремизм мен терроризм алғышарттарын анықтау және жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Қару-жарақ айналымы және күзет қызметі, көші-қонды реттеу саласындағы заңнамалық нормалар жандандырылды. Террористік және экстремистік әрекеттер үшін қылмыстық жазалау шаралары қатайтылды.