Діни сауаттың пайдасы көп

Исламтанушы ғалымдар Қазақстанда діни білім беру үрдісі VIII-XIIғасырда бастау алғанын дәлелдеген.
Ересең даналығымен дүниежүзіне мәшhүр болған: Абай Құнанбаев, Әбу-Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек секілді ұлтымыздың ұлы мақтаныштары білім мен тәрбиенің негізін ислами медреселерден бастады. Заманында діни медреселер білім мен ғылымының, мәдениеттің қайнар бұлағы болды. Қазақ даласын 70 жыл билеп-төстеген тотолитарлық жүйенің кесірінен адами қағидалар мен озық білімнің бастауы атанған қасиетті шаңырақтар қиратылып, айтуға ауыр «атеистік мекенге» айналды. Тұғыры биік тәуелсіздіктің арқасында, ұлттық құндылығымызбен қайта қауышып жатырмыз. Қазір еліміздің ірі шаhарларында, аудандар мен шағын елді мекендердегі мешіттерде діни сауат ашу курстары мен медреселер көбейіп келеді.
-Халықтың діни сауатын ашу- біздің қоғам алдындағы
басты міндетіміз. Ел аумағындағы 900 ден астам мешіттер жастар мен жасөспірімдерді имандылық әдебіне, отансүйгіш қасиетке тәрбиелейтін қайырымдылық мекемелер, жамағатқа арналған құран оқу орталықтары, сауат ашу курстары жұмыс істейді,-дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Ислам негіздерін үйрететін мұндай оқу орындары жастар мен жасөспірімдерді жат ағымының жетегіне еріп кетпеуге көңіл бөледі. Осындай ізгілік ордасы өткен аптада Қарқаралы ауданына қарасты, Егіндібұлақ ауылында бой көтерді. «Рухани ағарту орталығы» ҚМДБ-ның биыл бекіткен «Дін мен дәстүр» бағдарламасы аясында ашылды.
Салтанатты шарада сөйлеген облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы, бүгінде аймақтағы имандылық үйлерінің маңына киіз үй тігілгенін, онда төл салт-дәстүріміз үнемі насихатталатынын айтты.
Ал, қызметіне жаңа кіріскен ауылдағы діни ағарту орталығында қазір 20 адам сауатын ашып жүр. Оларға жоғары діни оқу орынын бітірген ұстаздар дәріс береді.