Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:00, 24 Қазан 2019

Doing Business: Қазақстан 25-орынды иеленді

None
None

Қазақстан Дүниежүзілік банктің әлем елдеріндегі бизнеске қолайлы жағдай жасау көрсеткіштерін бағалайтын Doing Business рейтингінде көрсеткішін жақсартып, 25 орынды иеленді.

Былтыр Қазақстан28 орында болған.

Зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанда бизнес бастау (22), несие алу (25) және құрылысқа рұқсат алу (37) бойынша ілгерілеушілік байқалған. Ұйым есебінде мысалы, Қазақстанда несие алу оңайланғаны, оған қатысты процедуралардың қауіпсіз бола бастағаны, несие туралы ақпарат алу жеңілдегені жазылған.

Ұйым сарапшыларының жазуынша, дегенмен Қазақстанда банкроттық мәселесін шешу (42) және меншікті тіркеу (24) бойынша жағдай керісінше қиындаған.

"Қазақстан мүлікті тіркеу ақысын төмендетіп, мүлікті тіркеуді арзандатты. Қазақстан сонымен бірге қосымша төлемдер енгізу арқылы мүлік иесін ауыстыру процесін қиындатып жіберді" делінген есептің меншікті тіркеуге қатысты бөлімінде.

Дүниежүзілік банк жыл сайынғы рейтингін бизнес ашу, құрылыс бастауға рұқсат алу, несиеге қолжетімділік, инвесторлар құқығын қорғау, салық төлеу, келісімдердің орындалуын қадағалау және банкроттықты реттеу және тағы бірнеше шартқа қарап түзеді.

2019 жылғы рейтингіде Қазақстан Ресей (28-орын) мен кейбір постсоветтік республикалардан, Еуропаның бірнеше елі, оның ішінде Испания (30) және Польшадан (40) озған. Орталық Азия бойынша Қырғызстан — 80, Өзбекстан — 69 және Тәжікстан 106 орын алған.

Рейтингтегі алғашқы үш орында Жаңа Зеландия, Сингапур мен Гонконг тұр.

Тегтер: