Бүгін, 09:30
Дональд Трамп Қазақстанды "бай ел" деп мақтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысына қатысты.
Жиын барысында АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан туралы арнайы пікір білдіріп, Тоқаевқа қарата:
— «Қазақстан Президенті Тоқаевқа үлкен рақмет. Қандай керемет ел! Егер біреуде күмән болса, айтайын — бұл тамаша әрі бай мемлекет», — деді.
Еске салайық, Ақорда 18-19 ақпанда Тоқаевтың АҚШ-қа жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған болатын. Саммит аясында негізгі назар Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыру мәселелеріне, сондай-ақ бейбітшілік пен гуманитарлық қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық қадамдарға аударылады деп күтілуде.