Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:51, 25 Қараша 2019

Досхан Жылқыбай. Соңғы трамвай

2015 жыл. 30 қазан. Ақжар ықшам ауданы.

– Валя, меніңкиімдерімді дайындап қойшы. 

– Дайын тұр емеспе?

– деп етжеңді әйел галстугін тағып жатқан мұның жанына ентігіп келіп қалды.

– Жоқ, ескікиімімді. Ескі болғанда да Горбачев берген киімдерді… Шифонерде ілулі тұр, –деп ері айнадағы өзіне сыздана көз тастады да, шляпасын киіп шығып кетті. Валякемпір: «Тух, әлі тастамағансың ба?» – деп артында бұрқылдап қала берді.

Күн райы салқындапқалса да, қыстың сызы біліне қоймаған. Есіктің алдына шығып, таңғы ауамен тереңтыныстап біршама тұрды да, қалтасынан шылым қорабын шығарды. Қашанғы әдеті ғой.Бірақ өзіне сонша ұнаған тау ауасын шылым иісімен бүлдіргісі келмей іркіліпқалды. Иесінің темекі тартуға оқталғанын сезіп қойды ма, кәрі өкпесі де жөтелгебасып еді. Таңғы шылымның алдында осылай жөтеліп, қап-қара қылып қақырықтастайтын. Қызыл өкімет құлағанда «әдеттен» алып қалғаны осы екеуі. Үшіншісі дебар. Бірақ оны өзі әдетке санамайды. Мүліктен қалғаны дачасы мен қаладағыпәтері. Сосын, сары Москвич тағы бар.

Үйренген жөтеліболса да, бүгінгісі тым қатты соқты. Жөтелген сайын лоқсып, көзі жасаурапкеткен. Үйдің есігін ашып, шалына тыжырына қараған Валя:

– Құдай-ай, өкпеңтүсіп қалар ма екен? – деп жекіп те алды.

Әйелінің сөзіненазар аудармастан гаражға қарай аяңдап келеді. Өз уағында қол жетпес арманболған 412-ші Москвич. Сары түс. Сары болғанда да қанық сары.

Әйелі әлі деартынан қарап тұрғанын сезеді. Сол үшінде көлігіне жалынышты көзбен қарап,іштей тілдесіп тұр. Кілтін орынына салып, жартылай бұрғаннан-ақ көлік «гүр» етқалды. Рулін сипап, еркелетіп алды да, әйелінің көзіне көрініп, шірене тұрыптемекісін тұтатты. Мұнысы: «Көрдің бе? Бұл көлік мені жолда қалдырмайды», –дегені-тін.

Осылайкемпірі екеуі іштей егесіп өмір сүріп жатқанына 5 жылдан асты. Валя Москвичтіңертерек бұзылғанын тілейді. Ал бұл өз көлігінің кәрі маторын қайта-қайтажөндетіп, бұзылуға бермей жүр. Осынау егес баласының иномарка сыйлаған күніненбасталған. Ол Валяға қатты ұнап еді. Ал шалы жаратпай, «майда-шүйдесі көп,отыруым ыңғайсыз, жөндеуі қымбат» деген секілді қырық сылтау айтып, баласыныңөзіне мінгізіп жіберді. Бірақ бұл сылтаудың бәрі өтірік еді. Оны Валя кемпіржақсы білетін.

Москвичтіңиесінің үйі дәл үлкен жолдың бойында орналасқан. Үйінің тұсында автобус күтіптұрған адам көп екен. Сигналдатып жандарынан өте шықты да, автобус паркінеқарай көлігін дарылдатып ала жөнелді.

– Иә,Владимир Андреевич, қош келдіңіз! – деп автобус паркінің директоры мұны жылықарсы алған. Ірі денелі, қолы қарулы жігіт ағасының сөзін бұл түсінсе де,түсінбеген сыңай танытып, еңкейіңкіреп құлағын тосты. Директор бірден айтқансөзін орысшаға аударып берген.

– Қош делік.Бірақ көңіл олай болмай тұр.

– Не бопқалды? – деп бұл жолы директор түсінсе де, түсінбеген сыңай танытып, оң жаққұлағын тосты. Директордың сол жақ құлағының ауыр екенін Владимир Андреевичжақсы білетін. Тіпті мұны директор құлағының жыртығынан да, сол жақ бетіндегітыртықтан да аңғару қиын емес еді.

– Сіздердіңпарктеріңізге осымен бесінші рет келіп отырмын. Қала әкімдігі менің үйімненалысырақ жерден аялдама салып бергеніне 5 айдан асты. Ал жолаушылар автобустыәлі де болса дәл менің қақпамның алдында күтеді. Және сіздің жүргізушілеріңізде адамдарды сол жерден отырғызады. Тіпті кейбір жүргізушілеріңіз салынғанаялдамаға тоқтамай өтіп кетеді. Кеше ғана менің қақпамның алдынан жолаушылардыотырғызып, аялдамада жалғыз тұрған маған тоқтамай кетті.

– Түсінікті.Бірақ сіз де түсініңіз. Адамдар ескі, «жабайы» аялдамаға үйреніп қалған жәнекөпшілігіне сол жер ыңғайлы.

– Мен онытүсінбеймін. Жаңадан салынған аялдама мен «жабайы» аялдаманың арасы жүз-аққадам. Сол жерге дейін жаяу келе салу қиын ба?

– Мен десізді түсінбеймін, Владимир Андреевич. Үйіңізден шығып, қақпаңыздың алдынанавтобусқа отыра салмай, жүз қадам басып, аялдамадан отырған сізге оңай ма?

– Оңай емес.Бірақ, бүйте берсек көшенің әр жері аялдама болып кетпей ме? – деп Владимир Андреевичойын жалғастырмақ болып еді, директор бөліп жіберді:

– Жарайды!Мен жүргізушілердің бәріне түсіндіріп айтамын.

– Иә, оларжолаушыларға түсіндіріп айтсын, – деп Владимир Андреевич орынан тұрып баражатты да: – Жоқ, болмайды. Мен арыз жазамын. Осынша уақыт бойы ауызша ескертіпкелдім. Маған арыз жазу үлгісін беріңіз!

–Мінекейіңіз! – деп директор алдында жатқан көп қағаздың бірін «арызданушының»алдына тастады. Владимир Андреевич қағазға үңілді де директордың өзіне қайтарыпберген:

– Мағанорысшасын беріңіз!

– ВладимирАндреевич, бізде қазір өтініш, арыздың барлығы қазақ тілінде жазылады. Орыстіліндегі үлгісі жоқ.

– Онда үлгісізтаза қағаз беріңіз, – деп арызданушы сыздана қалды.

Ол арызынжазып бітті де, қағазын директордың алдына тастап, шығып кетті. Директорарыздан оның толық аты-жөнін бірінші рет көрді. «Владимир Андреевич Сююдюков».

Есіктеншығып бара жатқан «арызданушы» да директордың есігіндегі жазудан оның толықесімін тұңғыш оқыды. «Сүйіндіков Айдар Елдарұлы».

Осы автобуспаркіне бес рет келіп, бесінші рет бір ғана оймен шығып келе жатыр еді. «Қайданкөрді?». Ол директорды танитын секілді. Бұрын, қанша жыл бұрын екені белгісіз,оны бір жерден көргені рас. Есіне түсіре алар емес. Бұл жолы да ол өзін трамвайжүргізушісі ретінде жұбатты. Күніне мұның вагонына қаншама адам мініп түседіемес пе? Солардың біреуі шығар деп қана жаба салды. Бесінші рет...

Бесінші рет…бұл тағы жеңіліп шығып келе жатыр. Баяғыда орысша сөйлеп, арыз айтып келгенадамның бүкіл өтініші орындалатын еді. Қазір мұның тілін түсінетін адам даазайып кеткендей...

Үйініңқапасынан кіріп келе жатып, далада жайылып тұрған ескі формасын көріп, алабөтенкүй кешті. Көмейіне лимон қышқылы тамып кеткендей көзі жасаурап барып, өзінқайта жиып алған. Трамвай руліне отырған күннен бері мұндай әдемі форма кимегенсекілді. Иә, киген жоқ. Ал соңғы 25 жыл кигені тіпті ұнамайтын. Теміржолшығаұқсатушы еді өзін. Ал мына форманың жөні бөлек. Бұл жауынгердің парадтықформасы секілді сұлу.

ВладимирАндреевич үйіне кіріп, теледидарды қосты да, диванға ұзынынан түсіп жата кетті.Таңертеңнен қара кешке дейін тек қазақша сарнайтын отандық телеарналарданаттап, жиырмасыншыға көтеріліп келеді. Сол тұстан жоғары шетелдік арналар легібасталатын. Он үшіншіге келген сәтте ол кенет тоқтап қалды.

Экрандаүйір-үйір жылқы шаңдатып барады екен. Олардың үстінен қыран ұшып өтті. Міне,қыранның өзі емес жерге түскен көлеңкесі ғана келеді. Сол көлеңке алып аюдыңүстіне төніп келіп, найзағайдай жарқ етіп, аюды ала құлады. Алғашында өз көзінеөзі сенбеген. Қыран, бүркіт туралы біршама білетіні бар еді. Бірақ оның аюалғанын тұңғыш көрді. Теледидардағы құсбегінің айтуы бойынша бұғы, арқар алатынбүркіттер де кездеседі екен. Одан ары қазақы тазының аң алғанын көріп, тұрқыкеліскен аттардың дүбірін тыңдап ұзақ жатты. Тұлпардың дүбірі оның жүрексоғысымен үндесетіндей. Дүк-дүк, дүк-дүк. Бұл дыбысты ол бұрыннан білетіндей…Бұл дыбыс оның құлағына сіңіп өскендей… Бұл ритм оның жүрегімен бірге соғатынсекілді… Иә, иә… Трамвайдың жүрісі ғой бұл. Дүк-дүк. Дүк-дүк. Аттың кісінегеніндейтрамвайдың да қоңырауын соғасың. Қайта-қайта. Дүк-дүк. Дүк-дүк…Шылдыр-шылдыр… Шылдыр-шылдыр...

Тұлпардыңшабысы мен трамвайының жүрісін үндестіріп қанша уақыт жатқаны есінде жоқ, текВаля кемпір:

– Түскі асқакел, Вова, – деп айқалаған кезде шошып оянды. Теледидар жаңалыққа ауысқан екен.Алғашында диктордың оқу мәнерінен орыс тілінде жаңалық тыңдап отырғандай болғанеді. Сәлден кейін диктор қыздың қазақша сөйлеп жатқанын аңдады. Әңгіметрамвайлар жөнінде. Соңғы екі айда болған екі бірдей үлкен апаттыңсебеп-салдарын анықтап жатыр екен. Бірі жол кінәлі деді, бірі трамвайжүргізушісін кінәлады...

Бірденөшіріп тастады. Осы жаңалықтан кейін-ақ көңілі бұзыла берген. Ішкен асы дабатпады. Батпағаны былай тұрсын, тамағынан да өтпеді.  

2015 жыл. 31 қазан. Трамвай депосы.

ВладимирАндреевич таңертең ерте тұрып, Валяның қуырып қойған жұмыртқасынан ауыз тидіде, аялдамаға беттеді. Ол жұмысына көлігін мінбеуші еді. Тек релспен жүріпүйренген трамвай жүргізушісіне қалада көлік айдау ыңғайсыз болатын. Оның үстінеқырық жылдық трамвай жүргізу мұның аяқтарын қимылсыз етіп тастаған. Өйткені 1979жылдан бері айдаған трамвайларының бірінің де педальі болмады. Барлығын қолменбасқаратын. Сондықтан болса керек, көлік айдағанда да педаль деген дүниені ұмытыңқырапкете береді. Ал мұндай ұмытшақтық кептелісі көп қалада қиынға соғатынын ол білетін.

Жұмысқабаратын автобусы үйреншікті әдетімен бірінші мұның қақпасының алдына жиналғанадамдарды мінгізіп, содан кейін ғана аялдамаға тоқтаған. Ол жерден бұл жалғызотырды. Көңіл күйін бұзғысы келмей, үнсіз алдыңғы орындықтардың біріне жайғасасалған. Автобустар жаңа. Іші жылы. Тек жүргізушісі мәдениетсіздеу, әрі тымжайсыз айдайтын еді. Ол осы автобустардың жүргізушілерімен күнде керілдесіпқалады. Бірақ бүгін емес. Онсыз да езіліп отыр.

Депоға кіреберісте мұны Сұлтан Әбдірахманұлы күтіп алды. Бір кездері екеуі де жүргізушіболатын. Тіпті Сұлтан алғашқы жылдары мұның трамвайында кондуктор да болыпістеді. Кейіннен ол депоның директорлығына дейін көтерілді. Әлі де сол орнында.Жұрттың барлығы оны тек фамилиясымен атайтын.

Зейінов.

Оны ұнататынадам аз. Қайдан ұнатсын?! Ол директор болғалы бұл депо жақсылық көрген жоқ. 127трамвайдан бүгінгі күні 17-сі ғана қалған. Олардың ішінде жүріп тұрғаны оншақты ғана. Зейінов директорлыққа келгелі не жол, не трамвайлар жөнделмеген.Германиядан бірнеше трамвай сатып алып келді. 1995 жылы зауыттан шыққан деген.Олардың да жүргенінен тұрғаны көп. Сол неміс трамвайларының бірі ВладимирАндреевичтің астында қазір. Нағыз жүріп тұрғаны да осы.

Қарапайымжүргізуші Владимир Андреевич Зейіновтің өзіне неге сонша жалпақтайтынынтүсінбейді. Осының ғана трамвайына жаңа бөлшектер алып береді. Осыған ғанаайлық сыйақы тағайындауға құмар. Тіпті кәсіподақ басшысы, Зейіновтің қызы дабұған ерекше қарайтын. Алғашында Владимир Андреевич мұны түсіне алмай жүрді.Кейін бойы үйреніп кеткен. Тіпті үйреніскені сонша оған біреу қырын қарай қалсаашуланып шыға келетін. Бәлкім ол жұмысын да сол үшін жақсы көретін шығар. Бұлқалада өзін жайлы, өзгелерден асқақ сезінетін басқа ешбір жер қалған жоқ қой.

Зейіновбұған күлімсірей келіп амандасты да:

–  Осы ғадетіңізден жаңылмайсыз-ау. Бәрінен ертекеліп, кеш қайтасыз.

– Бәлкім бұлсоңғы рет шығар, – деп Владимир Андреевич көңілдегі шын күдігін білдірді.

– Олайдемеңіз. Қала әкімшілігінің айтуы бойынша трамвайды уақытша ғана тоқтатадыекен. Релстерге жөндеу жүргізетін болар...

– Солайболса дұрыс еді. Бұл көліктер қала тарихының айырылмас бөлшегі ғой. 1937 жылданбері...

– Иә, 37жылдан бері… – деп Зейінов біршама ойланып тұрды да: – Өзі бұл далаға, бұлқалаға 37 жылы екі бірдей зауал келді ғой, – деп барып тоқтай қалды.

ВладимирАндреевич те бұл сөзді естімеген болып, сары түсті трамвайына қарай жүріпкетті. Көліктің асты-үстіне біршама көз жүгіртті де, табалдырығына отырып алып,бригадир әйелді күткен. Қазір келіп, кімнен кейін кімнің жүретінін анықтапберуі керек. Мәселенің шешімі оңай екен. Бүгін линияға екі-ақ трамвай шығады.№4-ші және №6-шы. Екеуі де екі айналым жасап, түске таман депоға оралу керек.

БірақВладимир Андреевич тағы екі айналым қосып жаздырып алды. Өйткені бүгінтоқтатылатын трамвайдың енді қашан жолға шығары белгісіз еді. Алғашқы үшайналымын күндіз жүріп өтті де, төртінші айналымды кешкілікке қалдырған. Депоғақайтып оралып, трамвайын айналшықтап біраз жүрді. Өзінің ескі орындығын тауыпалып, трамвайына қарсы қарап отырып алған. Бұл орындық сонау 80 жылдардан берібар. Өйткені ескі трамвайларда жүргізушілерге арналған орындық болмайтын. Олкөлікті жүргізуші тікесінен тік тұрып жүргізуі керек-ті. Ескі «Татралар» едіғой. Владимир Андреевичке Валя кемпір, ол кезде келіншек, үйдегі бір орындықтыжақсылап қаптап жасап берген.

Міне солорындығында сары трамвайына қарсы отырған Владимир Андреевич сокваяжынан біржартылық пен туралған шұжық шығарып, трамвай екеуінің ортасына кішігірімдастархан жайды. Екі стақанға ақтан толтыра құйып, бірін өзі ұстады, екіншісін трамвайғасүйеді.

– Ал,Аннушка! Екеуіміздің соңғы сапарымыз үшін алып қоялық, – деп 200 граммдық қырлыстақанды бірақ көтерді. Жұдырығымен мұрынын басып біршама отырды да, «уфф» депдемін қайта шығарып: – Иә, неге соңғы сапар деп сұрауың мүмкін. Менің солайболарына күмәнім жоқ. Өйткені бұл қалада қазір трамвайларды ешкім керекқылмайды. Өзі аз, жүру арасы ұзақ. Бір трамвайға үлгермесең, екіншісі бірсағаттан соң ғана келеді. Жо-жоқ, Анна! Оған сен кінәлі емессің. Оған…Оған… Жә, қойшы. Екеуміз саясатқа барыспайық. Кел, одан да тағы алып қоялық,– деп шөлмекті қолына ала бере трамвайына қарап: – Анна, мені ренжітпесеңші.Неге көтеріп қоймағансың? Әә, сен қазір жолға шығады екенсің ғой. Сен ренжіме!Мен бүгін өмірімде бірінші рет трамвай руліне масаң отырамын, – деп трамвайғасүйелген стақандағы арақты да көтеріп салды.

– Айтпақшы,Анна. Мен сені не үшін «Анна» деп атайтынымды білесің бе? Білмейсің, әрине.Мені ескі трамвайымнан ауыстырып, саған отырғызған кезде, сені ұнатпаған едім.Өзің де түсінесің ғой, сен немістің, біздің санамызға менің отаным сіңіргендей,фашисттің қолында жасалған көліксің. Сол үшін ұнатпадым. Бірақ кейінненойландым. Отанымның жауының сұлу қызын өзіме ғашық етіп, тізгінін ұстағанымжеңісім болмай ма? Міне, сондықтан мен саған алғашқы махаббатымның есімінбердім. Алғашқы махаббатым дегенім, қыз емес. Ол да трамвай еді. Ескілікте осықалада ең алғаш ашылған трамвай линиясын «А» линиясы деп атаған. Ол жолменжүретін трамвай да «А» деп аталды. Сол кездегі тұңғыш трамвай жүргізушісіромантиктеу адам болса керек, «А» нөмірлі трамвайын «Анна» деп атап кеткенекен. Оның шәкірті де трамвайын осылай атады. Ол шәкірт менің ұстазым болды.Осылай үш ұрпақ бойы біздің қалада «Анна» атты трамвай жер тепкілеп жүрген еді.Бірақ ол туралы ешкім білмейді. Барлығы трамвайдың нөміріне ғана қарайды ғой.… Анна,түсінесің бе? Бұл қала екеумізді жатсынып жатқан секілді. Қала орнында, бұрынғыхалық көшіп кеткен жоқ. Бірақ бұлар біздің өзегімізден теппекші. Түсінесің бе,мына халық өздері сонша жақсы көретін жануарының шабысын еске түсіретін көліктіқұртқысы келеді… Дүк-дүк… Дүк-дүк...

ВладимирАндреевич бүкіл эмоциясын жиып, тұмандана бастаған санасын қайтып оятып алдыда, кешкі сегіз жарымдардың кезінде жолға шықты. Қала көшелері күңгірт тартабастаған екен. Өзінің жарығын қосып алған.

Трамвай Байтұрсыновкөшесімен баяу көтеріліп келеді. Ол осы жолмен енді ешқашан жүрмейтінін жаңағана ұғынғандай… өксігін әзер тежеп келеді. Барлығы таныс. Көзіне сіңісті, мынажолдың әрбір қиылысында, әрбір аялдамасында өз естелігі бар.

...Әне анаужерде Валямен тұңғыш кездескен. Кездескенде екеуі әйнектің екі жағында тұрыпкөрген еді бір-бірін. Ол кезде бұл ескі «татраның» рулінде. Ол трамвайдыңайналасы тола «табалдырық» еді. Адамның бәрі жұмыстан қайтып, вагон ішінесыймай кеткенде көбі осы табалдырықтарға мініп, сыртқы ұстағыштардан ұстап тұрыпалатын. Валя да қыздар университетіндегі сабағынан жүгіре шығып, дәлжүргізушінің қапталындағы табалдырыққа тұра қалды. Владимир Андреевич оныкөрген кезде трамвай терезесінің ағаш жақтауларын картинаның жақтауы, ал Валяныкенепке салынған сұлу деп елестеткен.

ТрамвайБайтұрсынов көшесінен Шевченко көшесіне бұрылар тұста бағдаршамның қызыл түсінетоқтады. Көлік алдын кесіп студент қыздар жүгіріп өтіп барады екен.Жатақханадан желең шыққан ба, күз суығы тоңдырып бара жатқан сияқты. Жүргізушіжасыл жанғанын байқамай, іркіліп қалды да, ту сыртынан басылған сигналдарданшошына қайта жылжыды. Рульдегі Владимир Андреевич жүргізу рычагінің сабынқысыңқырап ұстады да:

– Ех, Анна,Анна, – деп рычакты алға итеріп, біреу қуып келе жатқандай жүрісін үдете түскенеді. Иә, оны шынында біреу қуып келе жатты...

1986 жыл. 17 желтоқсан. Космонавтов-Шевченко көшелерініңқиылысы.

ВладимирАндреевич соңғы айналымға шығардан бұрын қала жастарының алаңға жиналып жатқандығыжайында әңгіме болған еді. Басы жас жігіт бұл соңғы айналымды жұмыс үшін емес,қызық үшін жүріп өткісі келген. Және басшылықтан арнайы тапсырма түсті. Жолдажүрген студенттерді көлікке отырғызуға болмайды.

ВладимирАндреевич пен оның кондукторы Сұлтан Зейінов осылай жолға шыққан. Алғашында кондуктордыауыстыру туралы әңгіме болып, кейіннен бәрін өз қалпында қалдырды. Космонавтовкөшесімен Шевченко көшесіне жеткенше жолаушы жоқ екен. Бүгін бәрі ерте қайтыпкеткен секілді. Олар аялдаманың бәріне тоқтап, заңымен жүріп келе жатқанболатын. Кенет көшенің сол жақ, Масанчи көшесі жағынан жалғыз жігіт 5-6 қыздыерте жүгіріп шығып, трамвайдың алдын орай есікке жармасты. Бұл есікті ашып еді,палтосы мен шашына тұтастай мұз қатқан бойжеткен қыз:

– Ағатай, алакетіңізші, – деп аяғын табалдырыққа сала берген сәтте бұл есікті жаба қалды.Қыздарды ертіп жүрген жігіт қарулы екен, ауа қысымымен жұмыс істейтін есіктердіекі жаққа кере ашып, ішке кіре бергенінде трамвай дөңгелегін бұрайтын кілтпенбұл да бірақ ұрған еді. Қайта кілт қырымен емес, жалпағынан тиген. Жігіттің солжақ беті мен құлағынан қан сау ете қалғанынан өзге бұл ештеңе көрмеді.

Алғашындаүрпиіп, не істеп қойғанын өзі білмей, Зейіновке бұрылған.

– Өзіне десол керек! Несі бар алаңда? – деп оның екіленіп тұрғаны мұны таңғалдырды. НегізіндеВладимир Андреевич адам ұрғанына емес, Зейіновтің ұлтының адамын ұрғанынатосылып қалған еді. Ал оның түрі мынау. Бойы жеңілдегенімен, іштей арпалысқатүсіп, қаланың түнгі көшелерін тепкілеп келеді.

Ертесі күнідепоға бірнеше адам суыт келіп, Зейінов екеуін директорға алдырды. Сауалдарықысқа. Әскерилер екені көрініп тұрған. Бұл екеуінің ұққаны бойынша кешегібұларға жолыққан жігіт-қыздар ұсталмапты. Ішіндегі біреуі сызданып: «Қайдабарады? Ұстаймыз әлі», – деп отыр. Сонымен Зейінов екеуіне тапсырма берілді.

Бүгін түнгіайналым кезінде әр аялдамадан бұлардың вагонына қарапайым киінген бірнеше адамотырады. Қарапайым адамдарша билет алады. Сонымен Орбита ықшам ауданына дейінбарып, сол жердегі пәтерлерден өздеріне керекті адамдарды іздейді. Әрине, олқарапайым киінгендер әскерилер болатыны бесенеден белгілі.

1986 жыл. 18 желтоқсан. Орбита ықшам ауданы.

Түнгіайналым кезінде трамвайға көп адам отырмаушы еді. Бірақ бүгін олардың қарасыкөп. «Олардың» кім екенін Зейінов екеуі де жақсы біледі, әрине. Сыр берместенолар Орбита ықшам ауданына жетті де, кезекті үш аялдамадан «қарапайымкиінгендерді» үш бөліп тастап соңғы аялдамада тұрып қалды. Трамвай бұзылғандай,оны-мұнысын шұқыланып жүрді де қойды.

Қыс ауасытып-тынық. Тіпті он шақты көше төменде жүріп бара жатқан трамвайдың тақылдағанүні келеді құлаққа. Осы тыныштық Зейінов екеуінің де арасына орнап алғансекілді. Не айтады? Ол не ойлап жүр? Не дегенмен өзінің бауырлары емес пе?

Бүкілқаланың, екеуінің де арасындағы тыныштықты шыңғырған, айқайлаған адамдардың үнібұзып кетті. Аялдама жанындағы үйлердің терезесінен жігіттер секіріп, қыздардыжеңіл жамылғыларды арқан етіп түсіріп жатты. Бұл екеуі не істерін білмейаңтарылып тұрған сәтте, тапал бойлы мұртты жігіт жүгіріп келді де:

– Олар тағықай үйлерге кірді? Қай жаққа қарай қашамыз? – деп жалынышты үн қатып еді, бұлміз бақпастан:

– Мен сіздіңтіліңізді түсінбеймін, – дей салды. Мұртты жігіт көздері жарқ етіп, ұрыпжіберуге оқталғанда артынан бір қыз:

– Қали, қашжылдам. Қуып келеді, – деп айқай салған. Артына бұрылып еді «қарапайым киінген»біреу жүгіріп келеді екен. Әлгі жігіт оған қарсы жүгірді. Екеуі жол жиегіндетүйіскен сәтте «қарапайым киімдіге» мұртты жігіт жұдырық сілтеп үлгерткен жоқ.Бірінші ұрды және қайтып тұрмастай етіп құлатқан еді. Ол кері бұрылып өз тобынақарай жүгіре жөнелгенде, Владимир Андреевичтің де делебесі қозып кеткен еді. Олда біреуді ұрғысы келді. Біреумен жауласқысы келді. Бірақ кіммен жауласады?

2015 жыл. 31 қазан. Орбита ықшам ауданы.

Владимир солбаяғы аялдамада тұр. Осыдан 29 жыл бұрын «қарапайым киімдіні» мұртты жігітсұлатып салған аялдамада. Ол осы сәтте Зейіновті шын жек көретінін сезді. Бұлбұрыннан қалған сезім бе, жоқ жаңа пайда болды ма, белгісіз. Мүмкін баяғытөбелеске араласпағанына жыны келді ме? Қорғауы керек еді ғой...

Өзін ойлады.

– Анна, осымен кіммін? Иә, трамвай жүргізушісі екенімді, екі баланың әкесі, бір пәтер, бірдачаның иесі екенімді өзім де білемін. Бірақ, мен өз әкемнің кім екеніненхабарым жоқ адаммын ғой. Анамды да көргем жоқ. Детдомдағылар анамның төлқұжатынғана ұстатты қолыма. Өзге ештеңе қалмаған. Тәрбиелеушілердің айтуынша анамәкемнің тегін алған екен. Сююдюков. Бірақ бұл фамилияның да шын қалайжазылатынын білмеймін. Анамның құжатындағы тегінің үшінші әріпі белгісіз. Не«ю» секілді емес, не «н»-ға ұқсамайды. Бірақ, бала жасымда бұл мені аса қаттыойландыра қойған жоқ. Әкем ретінде анамның әкесінің атын, тегіме сол кісініңтегін жаздырып ала салдым. Әкем де, шешем де Отаным деп жұмыс істедім. Ал,қайда қазір сол Отан? Не айтқың келіп тұр, Анна? Шет елге кет деймісің? Сенайтып тұрған шет ел мені қойып, баламды да қабылдамады ғой. Кәсібі мен жұмысынтастап қашып келді емес пе?

2015 жыл. 31 қазан. Ақжар ықшам ауданы.

Ол жұмыстанмұнша ауырлап қайтқан кезі болмаған. Соңғы автобустардың біріне отырып, үйініңқарсы бетіндегі аялдамадан түсіп қалды. Сол баяғы қақпасының алдында адамдартопырлап тұр екен. Шеткері тұрған жігітті түртіп:

– Балам,анау аялдамаға барсаңшы, – деп еді ол құлағындағы құлаққабын шешіп:

– Не дейсіз?– деп бажырая қарады. Бұл сөзін қайталап еді:

– Кешіріңіз,сіздің тіліңізді түсінбеймін, – деп кері бұрылып кетті.

Үйіненемересін ертіп ұлының отбасы келген екен. Кішкентай бала атасын жүгіріп келіпқұшақтай алған.

– Ата, бізбүгін Абай деген ақынның өлеңін жаттадық, – деп бала шүлдірлеп ала жөнелді.Атасы не айтарын білмей, немересінің арқасынан қаға салған. Кешкі асқа қарамай,бөлмесіне кіріп кетті. Сонда да болса немересі тыныштық берер емес. Біркелгенінде қолына глобус ұстап кіріпті.

– Ата, бізбүгін глобус туралы оқыдық. Сізге түсіндіріп берейінші. Мынау Еуразия материгі,мынау Азия бөлігі. Осы Азия бөлігіндегі мына жер біздің Отанымыз. Дұрыс қой,ата?

– Иә, балам.Бұл сенің Отаның, – деп атасы қысқа қайыра салған.

– Сіздің деОтаныңыз ғой.

– Меніңотанымды глобустан іздеп таба алмайсың, балам, – деп немересінің басынан сипадыда: – Апаңа, бара ғой, – деп шығарып салды.

Үйініңжанындағы «жабайы» аялдамаға автобустың тормозы шиқылдап келіп тоқтағанынестіді. Кондуктор шығып айқайлап жатыр. Жүрегінің соғысы жиілеп барады.Дүк-дүк… Дүк-дүк… Ненің үніне ұқсайды? Аттың шабысына ма? Жоқ, трамвайдыңжүрісіне ме? Дүк-дүк… Дүк-дүк...

«Айтпақшыжаңағы кондуктор аялдамаларды қай тілде хабарлап еді?..»

2015 жыл. 1қараша. Қала.

Осы күнненбастап қала көшелерінен ешкім трамвай көрген жоқ. Бұл қаланың көшелерінде ендіешқашан ат дүбіріндей дүрсілдетіп трамвайлар жүрмейді. Олар енді ешқашан бұлқаланың көшелерінде кісінемек емес...

ВладимирАндреевич те өзінің Аннасын деподан енді айдап шықпайды. Тіпті ол бұл күніүйінен де шыққан жоқ. Төсегінен де тұрмады. Оны сол жатқан қалпында соңғысапарға шығарып салады...

2015 жыл. 2 қараша. Райымбек көшесінің бойы. Құлпытас сататындүкен.

– Ей, Берік!Сен өзі әріп танисың ба? «Сюндюков» дегенің не?

– Баласыдұрыстап жазып бермей ме? «Ю» ма, «н» ма түсініксіз. «Сююдюков» деген адамныңтегін ешқашан естіген емеспін. Ал, Сүйіндіков дегенді білемін, – деп құлпытасоюшы бастығына қарап еді ол:

– Білгеніңбар болсын, бұл кісінің аты-мен әкесінің атын оқысаңшы, – деп кейіп кетті. –Жә, қойшы. Жаңасын жаса жылдамдатып.

– Мынабүлінгенді не істейміз?

– Құрылыскомпаниясына сатып жібереміз. Анау күні еденге төсеуге керек деп сұрап келіпеді ғой...

– Суретінқайттік?

–Құрылысшылар ақымақ дейсің бе? Теріс қаратып төсей салады. Бол-бол жұмысқакіріс. Тапсырыс көп, – деп бастық асыға басып жүріп кетті.

***

Алматытрамвайларының барлығын Өскемен қаласы сатып алған. Владимир Андреевичтің«Аннасы» да сонда қазір. Өзге қаланың көшелерінде «кісінейді».

ВладимирАндреевичтің бүлінген құлпытасы да Аннаның артынан Өскеменге кеткен. Сәйкестікпе? Әлде темір мен адамның бір-біріне шын ғашықтығы ма екен? Жалпы осындайғашықтық бола ма?

Бізгебелгісіз.

Айтпақшы,Владимир Андреевичтің бүлінген құлпытасын Өскемен қаласындағы «Әсем» саудаүйінің еденінен көруге болады...

Тегтер: