Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
02:19, 14 Шілде 2019

«Дұға тілектеріңізге рақмет»

Қазақ дзюдошысы Елдос СМЕТОВБудапешт қаласында өтіп жатқан Гран При турнирінің алтын жүлдесін ұтіп алды.

Бұл туралы «ЖасАЛАШ»Қазақстан дзюдо федерациясынасілтеме жасап хабарлайды.

Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос СМЕТОВ бұлжарыста бес кездесу өткізді. Бірінші белдесуінде IJF спортшысы Мохаммад Рашнонежадты,екінші кездесуінде өзбекстандық Кемран Нуриллаевты, іріктеу кезеңінің үшіншібелдесінде тайпейлік Уэй Янг Юнгті уақытынан бұрын таза жеңді. Жарыс фаворитісаналған отандасымыз жартылай финалда болса нидерланд спортшы ТорникеЦжакадоеаны ұтты. Финалда 2014 жылғы әлем чемпионы, мұңғұл балуаны ГанбатБОЛДБААТАРДЫ жеңді.

«Ассалаумағалейкум құрметтң менің жанашырларым.Баршаларыныздың қолдауларыңызбен дұға тілектеріңізге үлкен рақмет. Аллаһбаршамызға разы болсын. Әмин!», – деп жазды спортшы instagram.comжелісінде.

66келіде өнер көрсеткен Елдос ЖҰМАҚАНОВ Қазақстан ұлттық құрамасының қожынынакүміс жүлде салды. Ол да финалда мұңғұл балуанымен шыққан. Алайда ГанбатХЕРЛЕНГКТЕН айласын асыра алмады.

Венгрия астанасында өтіп жатқан бәсекеге әлемнің 85елінен 500-ден аса татами шеберлері қатысып жатыр.

Фото: fdk.kz

Тегтер: