Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:53, 11 Маусым 2020

Думан РАМАЗАН: Көркем шығарманың құны көлеммен өлшенбейді

Думан Әмірғалиұлы, байқауымша, сізтек әңгіме-хикаяттар жазасыз. Көлемді шығарма жазу ойыңызда жоқ па?

 

— Менің өмірде ұстын ғып ұстанатын өз ұстанымдарым бар. Сол қағидаларменөмір сүруге тырысамын. Шығармашылықта да солай. Мәселен, мен неге романжазбаймын? Жаза алмаймын ба? Жазғанда қандай? Бірақ, жазбаймын. Неге? Айтайын.Біріншіден, көркем шығарманың құны ешуақытта көлеммен өлшенбейтінін білемін.Кейбір бес жүз беттік романдардан «Кармен», «Бейтаныс әйелдің құпиясы»,«Пышка»,  «Қаралы сұлу», «Шолпанныңкүнәсі», «Шұғаның белгісі», «Қараой», «Қылау» секілді әңгіме-новеллалардыжоғары қоямын. Мәселен, шығармашылық тұрғыда Әбіш Кекілбаевтың «Үркер»,«Елең-алаң» романдарынан гөрі, «Шыңырау», «Күй» сияқты хикаяттарын және МұхтарМағауиннің төрт томдық «Шыңғыс ханы» мен «Аласапыранынан», «Тазының өлімі»,«Архив хикаясы» қатарлы әңгіме-хикаяттарын жоғары қоямын. Ешкім де Әбіш ағаммен Мұхтар ағамды менен артық жақсы көрмейтін шығар. Сондықтан сөзімізден астаріздеп, өтірік байбалам салудың да түкке қажеті жоқ. Бар болғаны, өз ойымдыайтып, көзқарасымды білдіріп жатырмын. Әдебиеттің талғамымен өлшесек, қайсысықұндырақ екенін ойлы жан білуге тиіс.

Ал енді екіншіден, бір тарихи тұлға туралы көркем шығарма жазғым келсе, солтарихи тұлғаның өзіме қажетті, жазуға болады-ау дейтін өмірінің бір сәтін ғанатаңдап аламын. Мәселен, «Құса» әңгімемдегі Абай атам мен «Ажал келген күндегі»Кетбұға абыздың соңғы күндерін таңдап алғаным секілді. Осы арқылы ұлытұлғалардың бүкіл қайғы-қасіретін, қуанышы мен жұбанышын, арман-аңсарын ашыпкөрсетуге тырысамын. Сол заманның рухы мен ұлы тұлғаның басындағы жай-күйдішынайы беруге күш саламын. «Кенесары – Күнімжан», «Абылай ханның арманы»,«Керей – Жәнібек» тарихи драмаларымда да,  жаңадан жазылып жатқан Шыңғыс хан мен Жошытуралы драматургиялық шығармамда да осы қағидатты берік ұстандым. Ешуақытта біртарихи тұлғаның туғанынан өлгеніне дейін тәптіштен роман жазбаймын. Онышығармашылық деп санамаймын. Оқырмандар білгісі келсе, тарихи тұлғаныңғұмырбаянын тарихи еңбектер мен жазбалардан, баяндардан оқысын. Сол өзім жазғантұлғалардың мерейлі мезеттері мен мұңға батып, уайымға салынған сәттеріненбарынша үлкен ой айтуға тырысамын. Тарихи оқиға туралы жазсам да, не болғанынбастан-аяқ тәптіштемеймін. Сонда қатысқан адамның бірер сәттік өмірін суреттеуарқылы, сол дәуір мен тарихи оқиғаның рухын сездіруге болады деп ойлаймын.Мылжыңдыққа, езбелеуге қарсымын. Не нәрсенің болсын, қысқа да нұсқа болғанынқалаймын!  

— Сөзіңізаузыңызда, Шыңғыс хан мен Жошы туралы тарихи шығарма жазып жатқаныңызды айтыпқалдыңыз. Бұл шығармада қандай оқиғалар қамтылады?

— Мен бұл шығармада 1222 жыл мен 1226 жылғы бейбіт кезеңді таңдап алдым. ЯғниШыңғыс ханның Хорезм жорығынан – Жошының өліміне дейінгі уақыт аралығы. Шыңғысханның айналасына, негізінен бәйбішесі Бөрте ханым мен тоқалы Құлан қатынғадеген көзқарасын, Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле сынды төрт ұлымен қырым-қатынасынсуреттей-сипаттай отырып, өзімше өнер туындысын тудырамын. Жалпы оқиға желісіосы кейіпкерлер арасында өрбиді. Шыңғыс ханның өз ойы, Бөрте ханым мен Құланқатынның өз мүдделері, Жошы, Шағатай, Үгедей, Төлелердің өз мақсат-мұраттарыбар. Соларды барынша ашып көрсетуге тырысамын. Шыңғыс хан өз мемлекетін төртұлына неге бөліп берді, Үгедейді мұрагерлікке қалай таңдады, ең аяғында Жошынынеліктен өлімге қиды? Міне көрермен осындай күрделі сауалдарға жауап табатынболады.  

Мен Шыңғыс ханды Қорқыт ата шыққан қият тайпасының өкілі,яғни түркі деп есептеймін. Бүгінгі моңғолдар тұрып жатқан өлке түркітайпаларының ежелгі ата-қонысы. Оған Орхон өзенінің бойынан табылған Білгеқаған, Тоныкөк, Күлтегін жазбалары, ежелгі түркі ескеркіштері бұлтартпас айғақбола алады. Тіпті, түркі болмағанның өзінде Шыңғыс ханды ешкім де қазақ тарихынанажырата алмайды. Жошы хан алғашқы қазақ мемлектінің негізін қалағаны да тарихишындық. Шыңғыс хан мен Жошыға дейін де бұл өлкеде тіршілік болған, біздіңата-бабаларымыз мекендеген қасиетті мекен. Ең басты мақсатым, бүгінгі ұрпаққасол заманның рухын сездіргім келеді.

Сіз Жошыны Шыңғыс ханның өзіөлтірді дейсіз бе? Оған сенімдісіз бе?

— Мен бұны ойдан алған жоқпын. Лев Гумилев секілді мықты тарихшылардыңкөршілігі Жошыны Шыңғыс ханның өзі өлтірткенін жазады. Оның себеп-салдарларында атайды. Көңілге қонады. Шыңғыс ханның жас кезінде балық ұрлап жегені үшінағасы Бектерді садақпен атып өлтіргені мен тағыма көз тікті, сатқындық жасадыдеген айыппен туған інісі Қасарды ұзақ жыл зынданға қамап, ол сонда азаппенажал құшқанын ескерсек, сенемін.

Қазақ арасындағы бір аңызда ЖошыныШыңғыс ханның тапсырмасымен жас тоқалы Құлан қатынның өлтіргені айтылады. Оныбілетін шығарсыз? Оған қалай қарайсыз? Құлан қатынның Жошыны өлтіруі мүмкін бе?

— Әбден мүмкін. Өйткені ол меркіттің батыр қызы. Ата кегі де бар. Шыңғысхан меркіт тайпасын ойрандап, Құлан қатынның әкесі мен ағаларын өлтіреді. Соғанкектенген Құлан қатынның Шыңғыс ханды азғыруы да мүмкін. Бірақ, мен ол аңыздағыоқиға желісіне мүлде сенбеймін. Шыңғыс хан Құлан қатынға Жошыны өлтір дептапсырма береді. Меніңше, ол мүмкін емес. Құлан қатын себепкер болуы мүмкін,бірақ өлтіруі мүмкін емес. «Өтіріктің өзіне емес, қисынына – сен» дейді ғой. Қисынғакеліңкіремейді. Кейбір кәсіби трихшылардың жазуынша, Шыңғыс хан Жошыны Отшығындеген туған бауырын жібертіп өлтіреді.

Дұрыс-ақ, жоғарыда романжазбайтыныңызды, көлемді шығармаға құлаш ұрмайтыныңызды айтып өттіңіз. Сондақалың-қалың романдардың күні өтті деп есептейсіз бе?  Себебі ел арасында сондай да бір әңгіменіңұшығы бар екенін білеміз.

Жоқ, мені дұрыс түсініңіз. Романның күні бітті депешуақытта айтпаймын. Жақсы жазылса, мың беттік роман болса да жұрт тауып алып,оқиды. «Роман оқып отыруға уақыт жоқ» дегенмен де келісе қоймаймын. Әлемдемықты романшылар да, классикалық көлемді шығармалар да жетерлік. Егер нашарболса, бес беттік әңгімеңді де оқымайды. Бір нәрсе анық: көркем шығарманың құныешуақытта көлеммен өлшенбейді. Өз басым бір нәрсені мыжи бергенді, езе бергендіұнатпаймын. Дегенмен, сөзіңіздің астарын түсініп отырмын. Қазақта бір қасаңтүсінік бар. Үлкен шығарма жазбасаң, үлкен жазушы атана алмайсың! Меніңше,осындай қасаң түсініктерден арылатын кез келді. Әлем әдебиетінің классиктері РедьярдКиплингты, Ги де Мопассанды, Антон Чеховты, өзіміздің Бейімбет Майлинді, СайынМұратбековты, Тәкен Әлімқұловтарды әңгіме-новеллалары үшін жоғары бағалаймын.  Классик жазушылар деп есептеймін. Дұрыстүсініңіз, бұл жерде әңгіме шығарманың көлемі емес, құндылығы туралы.

Кейбір білгіштер «қазақәдебиетінің алтын ғасыры өтіп кетті» деп жатады. Бұған не дейсіз?

— Шынында да кеңес одағы дәуірлеп тұрған кездің өзінде де қазаққаламгерлері жемісті еңбек етті. Жақсы шығармалар өмірге келді. Оны елдің бәрібіледі, қайталап жатпай-ақ қояйын. Аға буын өз міндеттерін ойдағыдай атқарды. ҚадырМырза Әлі, Мұқағали Мақатаев, Кеңшілік Мырзабек, Әкім Тарази, Төлен Әбдік, МұхтарМағауин, Әбіш Кекілбаев, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабеков, Шерхан Мұртаза, ТұманбайМолдағалиев, Сайын Мұратбеков, Сәкен Жүнісов, Қалихан Ысқақ, Асқар Сүлейменов, МұхтарШахан, Иранбек Оразбаев, Фариза Оңғарсынова, Тұрсын Жұртбай, Исрайл Сапарбаев, МаралЫсқақбай, Серік Ақсұңқар, Көпен Әмірбек, Жәркен Бөдеш, Оралхан Бөкей, ЖарасқанӘбдіраш, Қажығали Мұханбетқалиұлы, Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай, МейірханАқдәулет, Тұрысбек Сәукетаев, Серік Асылбеков, Есенғали Раушанов сындыақын-жазушылар әдебиетімізге үлкен олжа салған таланттар мен дарындар. Шетіненсен тұр, мен атайындар. Қапелімде аузыма түскендер ғана, тілімнің ұшындатұрғандары қаншама. Бұл ғасырды «әдебиетіміздің алтын ғасыры» деуге әбденболады. Бірақ, бәрі осымен бітіп қалды деуге болмас. Қазақ халқы аман болса,әлі талай тамаша таланттар өмірге келеді, ғаламат шығармалар туады деп сенімменайта аламын. «Алтын ғасыр» өз жалғасын міндетті түрде табады. Оған алаңдаудыңеш жөні жоқ. Мәселен, біздің алдымыздағы толқын қандай талантты буын. БауыржанЖақып, Роза Мұқанова, Жүсіпбек Қорғасбек, Асқар Алтай, Светқали Нұржан, ГүлнарСалықбай, Нұрғали Ораздар да өз миссияларын толығымен ақтап келе жатыр деп айтааламын. Саны аз, бірақ сапалы. Шетінен білімді, дарынды, ойлы қаламгерлер. Әдебиеттіңнәзік жібін үзбей, келесі буынға жалғап жіберді. Меніңше, әдебиеттегі бұрылысосы таланттардан басталған сияқты. Жаңаша жазуға деген талпынысты, жаңалыққақұштарлықты осы буыннан анық байқаймын. Шығармаларында еркіндік, жаңа леп, жаңатыныс, жаңа дем бар. Ол түсінікті де. Бұл да болса тәуелсіздіктің арқасы ғойдеп ойлаймын.

Сіздердің буындарыңыз да ердіңжасы – елуге келді. Әлі де соқталы шығармалар тудыра алған жоқ деп сынапжатады. Бұған қалай қарайсыз?

— Бұл сынның жаны да бар. Шынымен де біздің буын алаңсыз шығармашылықпенайналыса алмады. Біз әдебиет табалдырығын аттағанда бәрі бүлінді. Жастықшағымыз қиыншылықпен арпалысуға арналды. Кеңес кезіндегідей бір кітабың шықсакем дегенде бір жыл алаңсыз шығармашылықпен айналысуға болатындай қаламақыныңшет жағасын да көрмедік. Қысқаша қайырып айтсақ, бәрі құрыды. Біздің буын сондада қолдарынан қаламын тастаған жоқ. Қал-қадерінше еңбек етті. Бірақ, әлі де кешемес. Біздің буыннан да классик жазушылар шығарына әлі де мүмкіндік бар. Құдайамандығын берсе, елу деген шығармашылықтың нағыз кемелденетін шағы депойлаймын. Дидар Амантай, Амангелді Кеңшілікұлы, Дәурен Қуат, МаралтайРайымбекұлы, Жанат Әскербек қызы, Айгүл Кемелбаева, Жарас Сәрсек, НұржанҚуантай, Бауыржан Бабажан, Сәкен Сыбанбай сынды қаламгерлер әлі де болса,өздерін-өздері дәлелдейді ғой деп ойлаймын. Соған сенемін.

Сіздерден кейін де бір толқын кележатыр. Сан жағынан көңіл тоғайтады, ал сапа жағынан қалай? Үміт артар, сенімдіақтар жас таланттар бар ма?

Құдайға шүкір, бар. Жастардың бәрін қадағалап оқыпжүремін. Әрқайсысының қарым-қабілеттері мен шама-шарқыларын жақсы білемін. Менөткенде «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатымда жастарды біраз сынап алдым. Бұлжолы аз-кем жақсы жағын сөз етейін деп отырмын. Әрине, ақындар көп. Жақсыақындар да баршылық. Жақсы ақын болып көрініп, өтірік «түр» жасап жүргендері дебар. Қысқаша айтқанда, жан-жүрегімен жыр тудыратын табиғи тума таланттар дабар, ал жылтыр сөзден ұйқастырып тақпақ құрастыратын  ақынсымақтар да бар. Фокус жасап, елдің көзін«жылтырақпен» алдап жүрген сайқымазақтар да бар. Менің бір таң қалатыным,көбінесе сол философ болып өтірік тақпақ құрастыратындар көбірек мақталады.Күрделі жазам деп қиялилыққа салынып, қуып кететіндер де жоқ емес. Еленбей,ескерусіз жүрген жақсы ақындар да бар. «Әй, олар мықты ақындар ғой, негееленбейді?» деп айғай салғым келеді. Жастардың арасында бөлу, бөліну барсияқты. Ондай жаман қылықтарды да байқап қаламын. Кезі келгенде мұның бәріміндетті түрде айтылады ғой деп ойлаймын. Уақыт бәрібір бәрін өз орнынақоятынына сенемін. Ал прозаға келсек, біздің өзіміз көп ештеңе бітіре қоймадық.Ал бізден кейінгілер тіптен сирек жазатын сияқты көрінеді. Мәселе, онда даемес. Әдебиетте көлем, көп жазу ештеңе шешпейді. Отыз роман немесе жүз әңгімежазып әдебиет тарихында қалмауың мүмкін, ал мықты бір роман, он әңгіме жазыпәдебиет тарихыңда мәңгі қалуың мүмкін. Ол шығарманың құндылығына байланысты.Сондықтан үміт үзгім келмейді. Ақындар туралы айттым, енді жас прозашыларғакелсем, Аягүл Мантай, Жадыра Шамұратова, Тоқтарәлі Таңжарық, Ұларбек Нұрғалым, ЕсболатАйдабосын, Қанат Әбілқайыр, Нұрлан Қабдай, Өміржан Әбдіхалық, Бейбіт Сарыбай, ДарханБейсенбек, Мақсат Мәлік сынды таланттар бар. Осылардан үлкен үміт күтемін. Қай-қайсысыда өнімді еңбек етсе, өздерін-өздері әлі дәлелдейді ғой деп ойлаймын.Кейбіреулері тіптен жалқаулау сияқты. Дегенмен, бұлардың бір артықшылықтары,бәрі де өздерінше жазады. Бір-біріне ұқсамайды, бірізділіктен ада.  Әркімнің өз қолтаңбасы, өз жазу стилі, өзтаным-түсініктері, өз ұстын-ұстанымдары, өз айтарлары бар. Ең бастысы, жаңаша жазуғадеген талпыныстары байқалады. Әлем әдебиетімен молынан сусындағандары сезіліптұрады. Кейбіреулерінің кемшіліктеріне қарамастан, жас жазушылардың шығармашылығынанжаңалықтың жылы лебін сеземін. Ең басты нәрсе сол. Соған қуанамын. ЗаңғарКәрімхан, Елдос Тоқтарбай, Бағашар Тұрсынбай секілді дарынды жас сыншылар даөсіп келеді.  Сондықтан әдебиет құридыдеп алаңдауға ешқандай негіз жоқ.

— Сіз бір кездері шетелқаламгерлерінің үздік шығармаларын аударып басатын «Әлем әдебиеті» журналынбасқардыңыз. Ұлтымызға аса қажетті басылым еді. Өкінішке орай, жабылып қалды.Сондай бір газет-журнал ма, жоқ әлде интернет басылым ба, ашу ойыңызда жоқ па?Жалпы бүгінгі таңдағы аударма өнерінің жай-күйі туралы не айтасыз?

Бұл менің жанды жерім, осал тұсым. Ойласам болды, жанымкүйзеліп, жүрегім ауырады. Қандай жақсы журнал еді. Жалпы қазаққа, өскелеңұрпаққа нағыз қажетті басылым еді. Енді не істейсің?! Біздің шенеуніктергекерегі болмай қалды. Қаржыны қақты. Содан амалсыз жауып кеттік. Қазір аудармаөнері туралы айтудың өзі ауыр. «Аударма» баспасы бар еді. Жап-жақсы аудармакітаптар шығарып жатыр еді. Менің ойымша, жақсы жұмыс істеді. Бірақ, оны дажауып тынды. Бүгінгі аударманың жай-күйі осындай болып тұр. Аударма өнеріқұрдымға құлады десе де болады. Әрине бірлі-жарым аударылып жатқан дүниелербар. Бірақ олар осынау қасиетті өнердің көз жасындай ғана болып тұр.

Аудармасыз даму болмайтынын білмейді, түсіне алмайды біздің биліктегілер.Бұл үлкен өнер ғой! Кезінде үлкен мектеп қалыптасып еді, мықты аудармашылар даболды. Соның бәрі көз алдымызда быт-шыт болды. Осыған налисың, күйінесің!Бірақ, одан не пайда?!

Қазір мемлекеттік сыйлық туралыәңгіме гулеп тұр. Сыйлықтың әділетсіз берілетіні жөнінде әңгіме көп. Қалайойлайсыз, билікте ауыс-түйіс болды ғой, биыл әділетілікке жол ашылады депойлайсыз ба?

— Әй, қайдам! Өз басым ештеңеге сенбеймін. Әрине, бір жақсылықтың боларына,әділеттілікпен шешілетініне сенгім-ақ келеді. Бізде сыйлық шығармаға емес,авторға беріледі. Ең жаманы осы. Кім биліктің тілін табады, кім жоғары жаққаадам салады. Сол алады. Масқара емес пе?! Жәркен Бөдеш, Тынымбай Нұрмағамбетов,Серік Ақсұңқарұлы, Несіпбек Дәуітайұлы, Смағұл Елубай, Исрайл Сапарбай сындықазақ әдебиетінің көзі тірі классиктері ала алған жоқ. Есесіне кейбір тақпақжазатын халтурщиктер алып кетті. Масқараның көкесі сол. Осыған таң қаламын.Халықтың көзін бақырайтып қойып, осындай белден басуларға қалай барады екен?!Түсіне алмаймын. Түсінгім де келмейді. Биылдан бастап бір жаңалық боладыдегенге шынымен сенгім-ақ келеді.  

Жалпы сіз қазақ әдебиетініңгүлдеп, мәуелі жеміс беріп, өсіп-өркендеуі үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

— Жапонияда өзін-өзі дәлелдеген мәдениет және өнер қайраткерлеріне өмірлікстипендия тағайындау дәстүрі бар. Соны бізге де енгізсе деп ойлаймын. Өйткені,біз аз халықпыз. Ешуақытта ой еңбегімен күн көре алмаймыз. Ал таланттарғаөмірлік стипендия тағайындалса, алаңсыз шығармашылықпен айналысуына мүмкіндіктуар еді. Ал біз күндіз қызмет істейміз, түнде жазу жазамыз. Одан не өнеді? Алшығармашылық иесі үнемі оқып-ізденбесе, тоқырауға ұшырайды. Мәселен, мықтыжазушы болғың келсе, әлем әдебиетін өте жақсы білуің керек. Өткен емес, бүгінгішетел қаламгерлерін де қадағалап оқып отыру ләзім. Олай болмаса, даму туралысөз қозғаудың өзі ерсі. Оған уақыт керек! Күндіз қызмет істеп жүрген адамныңоған уақыт таба қоюы қиын. Ал өмірлік стипендия тағайындалса, шығармашылықпеналаңсыз айналысуға мүмкіндік туар еді. Бірақ бұл бізде құр қиял, орындалмасарман ғой! Сондықтан осы күнімізге тәуба деуімізге тура келеді.

Сіздің шығармашылығыңызбен жақсытаныспын. Дін тақырыбына да қалам тартасыз. «О дүниедегі кездесу», «Жан», «Жын»секілді әңгімелеріңізде діни таным-түсініктер мен наным-сенімдер туралы біразшиырладыңыз. Шыныңызды айтыңызшы, дінге қалай қарайсыз? Аса діндар емессияқтысыз.

— Дұрыс байқағансыз. Діндар емеспін. Десе де Жаратушы Жаппар иеме сенемін.Өзімді мұсылманмын деп есептеймін. Жыл сайын ораза ұстаймын. Біліп-білмейістеген күнәларым үшін Құдайға жалбарынып, кешірім сұраймын. Десе де арабтық таным-түсініктермен жөн-жоралғыларды жөн-жосықсыз қабылдауға қарсымын. Ата-бабаларымыз исламдінін қалай қабылдады, қалай ұстанды, біз де солай ұстансақ жетіп жатыр.Арабтың киімін киіп, жалбыратып сақал қойып, қысқа балақ шалбар мен дамбалкиюдің не қажеттілігі бар?! Бізге араб болудың түкке де керегі жоқ, қандайжағдай болмасын, қазақ болып қалуымыз керек!

Шынымды айтсам, менің дінім – халқым. Туған халқыма адал қызмет еткімкеледі. Халқымның қасиеттерін көзімнің қарашығындай сақтағым келеді. Бізхалықтан қорықпаймыз. Тілімізге қарсы шыққандарды да, жерімізді жырымдағысыкелгендерді де кешіре саламыз. Өте кешірімшіл халықпыз. Халықтың да киесі менқасиеті барлығын біле бермейміз, оны жете түсіне алмаймыз. Халықтың қарғысынаұшыраған адам ешуақытта бақытты бола алмайды. Аяғы аспаннан келеді. Өскелеңұрпаққа осыны ұқтырып, түсіндіруіміз керек!

Келер ұрпақтың жан-жақты дамып,еліміздің өсіп-өркендеуі үшін аса қажетті бір аманат сөз қалдыр десе, қандайөсиет айтар едіңіз?

— Мен бұған көп ойланып жатпас едім. Әр елді мекенге, әр қалаға «Әркім өзорнында отырсын!» деген өсиет сөз жаздырып қояр едім. Шынында да солай! Әркімөз орнында отырса ғана елде даму, өсіп-өркендеу болады. Онсыз бәрі бекер. Албізде қалай? Маманның білім-білігі, тәжірибесі, қарым-қабілеті мүлдеескерілмейді. Көкесі, яғни тамыр-танысы мықты болса болды, кез-келген жергеқонжия береді. Бір саланың иісі мұрынына бармайтын адамды басшы қылып сайлайды.Ал ол не істей алады? Әрине, кері кеті процесі басталады, бәрін құртып,құлдыратады. Өйткені, оның қолынан басқа ештеңе келмейді. Осыны шетжағалапайтып едім, өзім жаманатты болып қалдым. Сонан кейін айтуды да қойдым.

Сізді не көп мазалайды?

— Халқым мен елімнің болашағы көп мазалайды. Көңіл алаң. Бір АлладанТәуелсіздігімізді баянды ете гөр деп тілеймін! Өйткені, қауіп-қатер әлі де көп.Біз бір-бірімізбен айтысып-тартысып жүріп, осындай өмірлік маңызы бармәселелерді естен шығарып аламыз.

Қазақтың ең жаман мінезі не депойлайсыз? Жалқаулық па, жоқ әлде енжарлық па?

— Қазақтың ең жаман мінезі жалқаулық та, енжарлық та емес, рушылдық. Бұласа қауіпті құбылыс. Қанша жасырып-жапқанымызбен, рушылдар мен жершілдер әлі декөп. Бұл індет жастарды да шарпыған. Ерте бастан ауырғандары да жетерлік. Бұліндет әбден асқынып кеткен. Тіпті онымен қалай күресуге болатынын да білмеймін.Бірақ емдемесе болмайды. Егер осылай кете берсек, бұның арты жақсылыққа апарыпсоқтырмасы анық. 

Сұхбаттасқан Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

Тегтер: