Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:33

Екі облыста республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді

жол
Фото: из открытых источников

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Ақмола және Қостанай облыстарында бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 10 ақпан сағат 17:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. Ақмола облысында шектеу «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232–260 шақырым аралығында, сондай-ақ «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» бағытының 537–552 шақырымында және «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 71–82 шақырымында енгізілді.

Қостанай облысында «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» жолының 8–232 шақырым аралығы, сондай-ақ «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 385–501 шақырым аралығында қозғалысқа шектеу қойылды.

Сонымен қатар, сол күні сағат 17:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» республикалық автожолының 340–377 шақырым аралығында, яғни Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жолдарды 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр. Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап алуға кеңес беріледі.