Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:36

Екі жыл ішінде Израиль шабуылынан Газада 282 мың үй қирады

Газа
Фото: Reuters

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек агенттігі хабарлағандай, Палестинадағы отбасылар негізгі қызметтерге қол жеткізе алмай өмір сүріп жатыр. 

Ұйым мен оның серіктестері қоныс аударуға мәжбүр болған тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС жасағы Израиль аумағына басып кіріп, шамамен 1200 адамды өлтірген және 250 адамды кепілге алған еді. Кейін олардың бір бөлігі алмасу арқылы босатылды, бірақ кейбіреулері Газада қаза тапқан.

Израиль бұған жауап ретінде ХАМАС-қа соғыс жариялады. Құрлықтағы операциялар мен әуеден жасалған соққылар нәтижесінде 68 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 170 мыңнан аса адам жараланған.

Соғысты тоқтату және қазіргі жағдай

13 қазанда Шарм-эш-Шейхта өткен халықаралық бейбітшілік саммитінде Газада оқ атуды тоқтату туралы декларация қабылданған. Соның аясында ЦАХАЛ әскерін қақтығыс аймағының жартысына жуығынан шығарып, Израиль шамамен 2 мың палестиналық тұтқынды босатқан.

ХАМАС өз кезегінде тірі кепілге алынғандарды қайтарғанымен, қаза болғандардың кейбірінің мәйіттерін әлі де ұстап отыр.

ХАМАС шарттарды орындаған жоқ

Оқ атпау келісімінің шарттарына сәйкес, ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым деп танылған ХАМАС қару тапсырып, Газадағы биліктен кетуі тиіс болатын. Алайда бұл талап орындалған жоқ.

Кейінгі апталарда халықаралық БАҚ ХАМАС жауынгерлерінің қаруларын өткізуден бас тартқаны, сондай-ақ саяси қарсыластарын сотсыз жазалағаны туралы хабарлар таратты.

Тегтер: