Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:56, 16 Ақпан 2024

Екібастұз МАЭС-2 жаңғырту кезінде 1 миллиард теңге жымқырылған

Екібастұз
Фото: из открытых источников

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында үшінші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады.

Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.