Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:33, 30 Қазан 2023

Екібастұзда үш жасар бала қайнаған суға күйіп қаза тапты

св
Фото: из открытых источников

Бала жедел жәрдем келгенше көз жұмған

"30 қазан күні 2.25-те Екібастұзда жедел жәрдемге шақырту қоңырауы түскен. Оған себеп 2020 жылы туған баланың қайнаған суға күйіп қалуы. Жедел жәрдем бригадасы діттеген мекен-жайға  алты минутта жеткен. Жедел жәрдем жеткенше бала оқиға орнында көз жұмған. Бала 2-3 дәрежелі қайнаған сумен термиялық күйік алған. Баланың денесіндегі күйіктің ауданы – 40% болған", - деп хабарлады Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы дүйсенбіде.

Ведомствода сәбидің анасының айтуынша, бала 29 қазан күні түстен кейін қайнаған суға күйіп қалған.

Баланың тоғыз жасар әпкесі оны шомылғысы келіп, кездейсоқ қайнаған суды құйып жіберген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында айтылғандай, күйік алған сәтте баланы әпкесі, атасы мен әжесі бақылап отырған. Күндіз олар медициналық көмекке жүгінген жоқ. Баланың анасы баласының күйгенін сол күні кешке ғана білген, ал жедел жәрдемді түнде шақырған.